ӨЗІМ ТУРАЛЫ

Абай атаның сөзін жақсы тыңдаймын

1. «Жақсы деген немене, жаман деген немене?» дейтін
сұраққа жауап беріп көр.

2. Берілген суреттерге зер сал. Жақсы деген жауап қай суретке, жаман деген жауап қай суретке қатысты екенін айт. Неліктен?

3. Абай ата жақсы, жаман туралы не деген екен? Түсініп оқы.

Абай
Құнанбаев
(1845-1904)

текке шығындану

барға риза болу

кеңшілік, ризашылық

Ғылым таппай мақтанба

Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып, шаттанба
Ойнап, босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның, білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой –
Бес асыл іс, көнсеңіз.

4. Сызбаға сүйеніп, өлеңнің авторы туралы әңгімеле.

Атамұра

×
×

Cart