Тіл және сөйлеу

1. Сызбаның көмегімен сұрақтарға жауап беріп көр.

1. Сөйлеу не үшін қажет?
2. Ол не арқылы жүзеге асады?

2. Өлеңді мұқият тыңда.

Теледидар саңқылдап,
Үйрекке тіл бітірді.
Қарға-дағы қарқылдап,
Сөйлеп кетті біртүрлі.

Абыржымай, қаймықпай,
Торғай-дағы тіл қатты.
Ал бөдене жалықпай
Шешті қиын жұмбақты.

Кенет көлге қаз қонып,
Басты қоңыр әніне.
Ақтан отыр мәз болып,
«Сөйледі, – деп, – бәрі де!»

Тұрсын Елеусізұлы

Орфографиялық Сөздік

қарға-дағы
торғай-дағы

•  Өлең мазмұны бойынша кейіпкер мен сөздерді сәйкестендір.
•  Ақтан неге мәз болды? Шынында, құстар сөйлей ала ма? Ойыңмен бөліс.
  Өз ойыңды 3-жаттығуда берілген мәтіндегі оймен салыстыр.

тіл қатты

жұмбақ шешті

мәз болды

әнге басты

3. Мәтінді түсініп оқып, көшіріп жаз.

  Хайуанаттар әртүрлі үн шығарып, белгі береді. Үн арқылы олар бір-біріне жақындап қалған қауіпқатер туралы хабарлайды. Мол азыққа кенелгенін жеткізеді.
  Сөйлеу тек адамдарға ғана тән.
  Жас сәби сөйлеуді үлкендерден үйренеді.
  •  Соңғы екі сөйлемге сұрақ қой. Жауап беріп көр.
    Сұрақтарға жауап беруде сөйлеудің қай түрін қолдандың?

Орфографиялық Сөздік

хайуанат
ауызекі
жазбаша

4. Суреттерге қара. Оларды сөйлеудің ауызекі және жазбаша түрлеріне ажырат.

5. Өлеңді жатқа жаз.

Атам мені қуантты –
Маған берді құлақты:
– Жақсы сөзді құлағың
Тыңдасын, – деп, – шырағым!*
Маған берді тіл ұшын,
«Шешен бол!» деу – мұнысы.

Мүбәрак Жаманбалинов

  Атасы құлақты не үшін берді?
а) жақсы сөзді тыңдасын деп;
ә) жақсы сөзді оқысын деп;
б) жақсы сөзді айтсын деп;
в) жақсы сөзді жазсын деп.

  «Шешен бол!» дегені қай сөйлеу әрекетіне қатысты?
а) тыңдалым;
ә) оқылым;
б) айтылым;
в) жазылым.

  «Өз үйшігіне кіргіз» ойынын ойнайық.

жазылым

оқылым

айтылым

тыңдалым

6. Мұқият тыңда. Сөйлеу мәнерлері кімге тән екенін анықта.

– Алматы уақыты 9 сағат 15 минут.
– Аузыңды аш, «а-а» де.
– Ыстық самса алыңыз.
– Абайлаңыз, есік жабылады. Келесі аялдама – «Абылай хан даңғылы».
– Ойыншықтарыңды тағы да шашып тастағансың ба?!
– Бүгінгі өтетін тақырыбымыз – «Етістік».

Орфографиялық Сөздік

даңғыл

7. Мәтінді тиісті дауыс ырғағымен оқы.

Самат ауылдағы атасы мен әжесін қатты сағынды. Сол сағынышын тілі жеткенше айтып хат жазбақ болды. Кешкі тамағын ішіп болған соң, біраз уақыт теледидар көрді де, өз бөлмесіне кірді. Торкөз дәптерден екі парақ жыртып алды. Ақ қағаздың басына «Сәлем хат» деп үлкен әріптермен жазып қойды да, әрі қарай өз ойын, жай-күйін әңгімеледі.
Халдеріңіз қалай, ата, әже? Ауырмай-сырқамай жүрсіздер ме? Көкем жұмысын істеп жатырма? Біз де аман-саумыз…
Өтепберген Ақыпбекұлы

Өтепберген Ақыпбекұлы

•  Хатты әрі қарай жалғастырып жаз.

Орфографиялық Сөздік

Сәлем хат
хал

8. Тапсырмалар арқылы сөйлеудің қай түрі жүзеге асырыл- ғанын тауып көр.
Сөйлеу түрі мен оған сәйкес тапсырманың тұсына «+» таңбасын қой.

9. Оқы. Мәтінді оқуда сөйлеудің қай түрін қолданасың?

Алматы қаласынан 70 шақырым жерде «Таңбалы тас» деген жер бар. «Таңбалы тас» бірнеше жылғалардан*, өзектерден* тұрады. «Таңбалы тастың» жан-жағында сайлар, ішінде күнге әбден күйген жалпақ гранит тас* бар. Гранит тасқа таутеке, бұғы, киік, шошқа, жылқы, бұқалардың кескіндері* қашалып салынған. Қолдарына ұзын найза ұстап, белдеріне қылыш асынған, кейбіреулері желбірете ту ұстаған 22 сарбаздың суреті өте әдемі бейнеленген.

«Аңызға айналған жерлер» кітапшасынан

  Қарамен жазылған сөздер мәтін сөйлемдерін байланысты- рып тұрғанына назар аудар. Сол сөздерді басқа сөздермен алмастырып айтып көр.
  Алғашқы адамдар суреттердің көмегімен сөйлеудің қай түрін жүзеге асырды? Ойыңмен бөліс. Ойыңды «Жазбаша сөйлеу бірден пайда болған жоқ» сөйлемімен баста.

Орфографиялық Сөздік

Таңбалы тас

10. Сурет бойынша күзде не болатынын әңгімеле. Не болмайтынын айт.
Әңгімелеу үшін сөйлеудің қай түрін қолданасың?

  Күз мезгілі бейнеленген сурет бөліктеріне зер салып қара. Осы сурет бойынша 3 сұрақ жаз.

×
×

Cart