Мәтін және оның түрлері

38. Ұқсас тақырыпта берілген мәтіндерді салыстыр.

Ит – жақсы дос

  Бір баланың иті болыпты. Баланың аты – Талғат, итінің аты Ақтөс екен. Талғат балаларға: «Ақтөстің пайдасы жоқ», – депті. Балалар күліп: «Біздің итіміз жақсы. Үйді күзетеді, пайдалы», – дейді.
  Бірде Талғат орман ішімен келе жатып бір қасқырды көріп, қорыққаннан айқайлап жібереді. Оны Ақтөс естіп, жүгіріп келеді. Ақтөстің аф-аф деп үргенінен қасқыр қаша жөнеледі. Талғат оның көмектескеніне риза болады. Содан кейін Талғат Ақтөспен жақсы дос болып кетіпті.

«Жыл он екі ай» журналынан

Мәтіннің атына назар аудар. Ол негізгі ойдың қысқаша атауы екенін дәлелде.
Тыңдалған мәтіндегі ақпараттың дұрыс-бұрысын анықта:
  • Ақтөстің пайдасы бар.
  • Ит үйді күзетпейді, пайдасыз.
  • Ақтөс Талғатқа көмектеспеді.
  • Талғат оған қатты ренжіді.
  • Ит пен адам дос бола алмайды.

39. Мәтінді қатесіз әрі көркем жаз.

Ит

  Адам баласының ең бірінші қолға үйреткен жануары – ит. Ол адамға ең үйірсек жануар.
  Иттер жоғалған нәрсені табуға өте қабілетті. Олар үй-жайды жақсы күзетеді.

Ит туралы оқылған осы екі мәтінді салыстыр: ұқсастығы мен айырмашылығын тап. Қай мәтінде ит туралы нақты фактілер берілген? Қайсысы көркем мәтін?
Суреттегі иттер туралы энциклопедиядан ақпарат тауып оқы.

Орфографиялық Сөздік

қабілетті

40. Төмендегі екі мәтінді салыстыр. Ұқсастығы неде? Айырмашылығы ше?

  Бақа құрлықта да, суда да тіршілік етеді. Сондықтан оны ғалымдар қосмекенді деп атайды.

Ғылыми мәтін екенін дәлелде.
Бұл әңгімелеу мәтіні ме, әлде пайымдау мәтіні ме? Өз жауабыңды дәлелде.
Жұмбақты оқып, шешуін тап.

Сулы жерді мекендеп,
Құрлықта да секеңдеп,
Шыбын-шіркей аңдиды,
Жемге қашан жетем деп.

Жұмбақтың көркем шығарма екенін дәлелде.

41. Мәтінді түсініп оқы.

Ағаш ек

  Адам таза ауамен дем алады. Адам демінен шыққан ауа қайта жұтуға жарамайды.
  Ал, таза ауа қайдан келеді деп ойлайсыңдар? Таза ауа ешқайдан да келмейді. Айналамыздағы ағаштар жарамсыз ауаны жұтып, өзі үшін қажетті иісті ұстап қалып, онымен қоректенеді де, ауаны тазартады.
  Үйлердің айналасында, көшеде, аулада өсіп, жапырақ жайып тұрған ағаш неғұрлым көп болса, ауа да соғұрлым таза болады.
  Таза ауамен дем алған адамның дені сау, көңілі хош болып, ұзақ өмір сүреді. Сол себептен бабаларымыз: «Өмір жасыңды ұзартқың келсе – ағаш ек» деп өсиет айтқан.

Спандияр Ақаев

Мәтін не туралы? Мазмұнын айт.
Мәтіндегі негізгі ойды анықта.
Мәтіннің түрін және бөліктерін анықта.
Мәтін неліктен «Ағаш ек» деп аталған деп ойлайсың?
Бабаларымыздың өсиет сөзін көшіріп жаз.

42. Ұйқасын тауып жаз.

Аң мен құсқа қорған
Болған қалың о… .
Құлпырып көк өсер,
Құйған сайын н… .

Тұрысбек Еділбаев

• Жазған өлең бойынша өзіндік ой тұжырымын жаса.

43. «Табиғатты қорғау үшін не істеу керек?» тақырыбында пікір білдіруге арналған сұрақтар құрастыр.

44. Сөздерді мағынасына қарай орналастырып, өлеңді оқы.

Өлеңнің мағынасын топта талқыла.

45. Өлеңдегі көп нүктенің орнына келесі беттегі қажетті сөзді қойып оқы.

        Қаз бен Ит

Байлаулы ит
Қазға:
– Сен неге жүзбейсің? – деді.
Қаз:
– Сен неге …? – деді.
– Ендеше жүр.
Менің орныма … .
Ит қазды шынжырлап матады,
Ал өзі өзенге түсіп … .
Күн батады,
Ит суықтан
Әбден … .

 

Қаздың мойнына
Шынжыр әбден … .
Бір кезде
Қаздың дауысы шықты: …-…
Иттің дауысы шықты: …-…
Қаздың шынжыр мойнын … .
Ит суға малшынып,
Көрді сыйды.
Содан бері
Итті көрсе, қаз қашады,
Қазды көрсе, ит … .

Жақан Смақовтан

  Қажетті сөздер: қиды, тұр, батады, шаңқ-шаңқ, үрмейсің, жатады, қаңқ-қаңқ, қашады, қатады.

Өлең мазмұнын өз сөзіңмен айтып бер.
Өлеңдегі негізгі ойды анықта.
Өлең мазмұнына өз пікіріңді білдір.

46. Жоғарыдағы өлең мазмұнына сай келетін мақалды тауып жаз.

1. Күшіңе сенбе, ісіңе сен.
2. Бірлік болмай, тірлік болмас.
3. Әлін білмеген әлек.

Неліктен сол мақалды таңдағаныңды дәлелде.

47. «Менің ең жақын досым» тақырыбында пайымдау мәтінін жаз.

48. Мәтінді түсініп оқы. Мәтіннің жанрын (ғылыми, көркем) ажырат.

  Қоңыр аю – жыртқыш аң. Көбіне өсімдікпен қорек- тенеді. Егер адам өзі соқтықпаса, өздігінен тиіспейді. Оның бір ерекшелігі – ақылдылығы. Егер қақпанға түссе, артқы аяғының көмегімен босанып, қашып кетеді де, екінші рет темір иісі шыққан жерге жоламайды. Екіншісі – иіс сезгіштігі. Дымқылданған жалпақ тұмсығы кез келген иісті тез айырады.

(«Қазақстан жануарлары» кітапшасынан)

Әдеби кітаптар мен журналдардан осы тақырыпта көркем мәтін тауып жаз.

49. Мәтінді тыңда.

Құмырсқаның пайдасы

  Құмырсқа – ұйымдасып, жабыла жұмыс істейтін жәндік. Құмырсқалар ұйымшыл келеді. Орманда жүріп адасып кетсеңіз, құмырсқаның илеуіне қарап бағыт-бағдарды анықтап алуға болады. Өйткені құмырсқалар өз илеуін тек солтүстікке қаратып салады екен. Олар өлген шыбын-шіркейді, басқа да зиянды заттарды жеп, қоршаған ортаны тазартып, табиғатқа көп пайдакелтіреді. Сондықтан олардың илеуін бұзбаған, баспаған дұрыс. Қайта оларды қорғау керек.

«Балдырған» журналынан

Мәтіннен тірек сөздерді тап.
Сызба бойынша мәтін бөліктерін тап.
Ғылыми мәтін екенін дәлелде.

Орфографиялық Сөздік

илеу
зиян

50. Сөйлемдердің жалғасын тауып, көшіріп жаз.

1. Құмырсқа – пайдалы жәндік, өйткені …
2. Ауа тазарды, себебі …
3. Дала аппақ, өйткені …

51. Сөзжұмбақты шеш.

Көлденеңінен:

1. Қанаты жоқ – ұшады,
Аяғы жоқ желеді,
Аузы жоқ ұлиды.
2. Тама-тама тас тескен.

Тігінен:

3. Көк көрпенің мақтасы
Әр жерде жүр бытырап.
4. Көзге ілінбейді,
Жұтсаң білінбейді.

52. Мәтінді оқы.

  Балалар мысықты таспен ұрып қуалап жүрді. Біреуі мысықты ұстап алды. Екіншісі оның мойнына жіп байлап, сүйремекші болды.
  Бәрін көріп тұрған Әлима әже балаларға ұрсып, мысықты босаттырды. Сосын бәріне:
  – Іштеріңде жібі түзу бір бала болсайшы! – деп кейіді.
  «Жібі түзу» деп дұрыс жүретін, тәртіпті, адамгерші- лігі бар адамды айтады.

Фариза Оңғарсынова

Мәтін не туралы? Мазмұнын айт.
Мәтінге ат қой.
Мәтіндегі негізгі ойды анықта.
Балалар нені дұрыс істемеді? Олардың әрекетіне өз пікірлеріңді жаз.

53. Мақалдарды көркем жаз.

1. Әдепті бала – арлы бала.
Әдепсіз бала – сорлы бала.
2. Әдепсіз өскен адамнан
Тәртіппен өскен тал жақсы.

Мақалдардың мағынасын топта талқыла.

54. Сызба бойынша әңгімелеу мәтінін құра. Құрағаның көркем мәтін екенін дәлелде.

55. Жоспар мен суреттердің көмегімен «Жанды табиғат өлі табиғатқа айналуы 
мүмкін» тақырыбында көпшілік алдында сөйлеуге дайындал.

Жоспарды толықтыр.

1. Жанды табиғаттың өлу себептері.
2. …
3. …

×
×

Cart