Сөйлеу мәдениетіне үйренемін

56. Өлеңді мұқият тыңда.

Жылы жүрек, тәтті тіл,
Берекені берер, біл.
Ащы сөзді – өзімшіл,
Өнері оның қалар тұл*.
Қатесін тапсаң, жұмсақ айт,
Ызаланбай, сабыр қыл.

Шәкәрім Құдайбердіұлы

Өлең не туралы? Ат қой.
Қарамен жазылғандардың антонимдік тіркестерін тауып көр.
Ащы сөзді тіркесін қандай сөздермен алмастырып айтуға болады? Араларыңда дөрекі сөйлейтін балалар кездесе ме?
Өлеңді жатқа жаз.
Өлеңнің соңғы екі қатарын басшылыққа алып, досыңның қатесін түзетуге көмекке кел. Ол үшін «меніңше», «мүмкін болса», «дұрыс болар еді» сөздерін қолданып, өз пікіріңді білдір.

Орфографиялық Сөздік

жүрек

57. Мысалды түсініп оқы.

  Үстел үстінде Радио мен Теледидар қатар тұратын. Үй ішіндегілер Теледидарды қызықтайтын. Радионың бұған қатты намысы келетін.
  – Сен келдің де, мен ескерусіз қалдым, – дейтін ылғи. Теледидарды атарға оғы жоқ еді. Ал ол болса, бұған еш ашуланбайтын.
  – Екеуіміз кезек сөйлейік, – дейтін. – Мен сөйлеп болған соң, сен сөйле.
  – Көрсетемін, кезекті, – деді Радио қатты ашуланып. – Тапқан екенсің ақымақты!..
  Сөйтті де, Теледидармен қосыла сөйлеп, оны мазақ ете бастады. Тыңдап отырған иесі Радионы токтан ажыратып тастады.

Балтабай Әділов

Мәтін мазмұны бойынша Теледидар мен Радионы салыстыра сипатта. Қайсысының іс-әрекетін дұрыс емес деп есептейсің? Неліктен?

58. Мәтіндегі ақыл-кеңес қай кезде қолданылатынын айт.

  Өзге адамдардың сөзiне рұқсатсыз араласпаған жақсы. Ал егер ол соншалықты қажет болса, «кешiрiңiз» немесе «ғафу етiңiз, сөзiңiздi бөлейiн деп тұрмын», «сөзiңiздi бөлуге бола ма?» деген сөздермен сөйлесiп отырғандардан рұқсат сұраған жөн. Бұл әдептілiктi бiлдiредi.

Мәтіндегі өтіну әдеп сөздерін қатыстырып, парталасыңмен диалог құра. Құраған диалогіңді дәптерге жаз.

59. Көңіл күй лебіздері мен олардың атауларын сәйкестендір.

Алғыс

Құттықтау

Сәлемдесу

Қошемет, қостау, таңдану

Келісу

Қоштасу  

 Аман-саумысыз? Сәлем! Ассалаумағалейкүм! Сәлеметсіз бе?

Алла разы болсын! Рақмет. Көп жаса! Өркенің өссін!

Жаса-жаса! Айтқаның келсін! Керемет! Жарайсың, қызым (ұлым)!

Сау бол! Келесі кездескенше!

Әрине … Иә … Мақұл …

… құттықтаймын! … тілеймін.

60. Мысалды түсініп оқы.

        Жер Тауға шағынды.
        – Менің үстімде не боп жатыр? Білемісің? Адамдар аяуды қойды. Бетімді бейберекет айғыздап бітті. Тұқымдары құрып біткен аң-құстарым мынау. Сұлап жатқан теректерім анау. Өзендерім суалды, теңіздерім құрғады… Енді менде не қасиет қалды?!
        Жердің көз жасы мөлтілдеп, шық* болып құйылды.
        Жер жылап жатты…
        – Мен қайтейін? – деді Тау күңіреніп. – Бәрін де көріп тұрмын. Бірақ қолымнан не келеді? Өзімнің де халім мүшкіл.
        Тау күрсінді.

Балтабай Әділов

Мысалдағы негізгі ойды тап. Автор осы мысал арқылы не айтқысы келеді?
Қарамен жазылған сөздерді басқа сөзбен алмастырып көр.
Мысалды ары қарай жалғастырып көр. Ол үшін «тау» сөзін «жұбату» сөзімен толықтыр. Үшінші кейіпкерді – Адамды әңгімеге ендіріп, ол туралы айтылатын ой бөлігінде кешірім сұрау сөздерін қолдан.
Құраған ой бөлігіңді дәптерге жаз.

61. Мәтінге ат қой.

  Ағасы Мирас пен Әлімге алма үлестірді.
  Мирас: Рақмет.
  Ағасы: Оқасы жоқ.
  Ал Әлім үндемеген қалпында тұра берді.
  Мирас: Әлім, сен неге рақмет айтпайсың?
  Әлім: Ағам «Оқасы жоқ» деді ғой.

Оқасы жоқ деген қандай мағына береді?
Әлімнің айтқанына келісесің бе? Келіспесең, өз пікіріңді төмендегі сөздерден баста және аяқта.
  – Кешіріңіздер. Мен Әліммен келіспеймін. Өйткені …

62. Журналист 3-сынып оқушыларынан әдептілік туралы сұхбат алды.

  Адамның әдептілігі асықпай, анық, әдемі сөйлеген сөзінен көрінеді (Сәкен).
  Әдептілік, менің ойымша, әдепті қылықтар мен әдеттер: үлкендерге жол немесе орын беру… (Марғұлан).
  Әдептілік – бұл сиқырлы сөздер. Оған «мархабат», «кешір», «рақмет» сөздері жатады (Әсел).
  Ең бастысы – бір-бірімізге жылы көзқараспен, әдепті қимылмен, күлімсіреп қарау. Сөйлеушінің көзіне, бет құбылысына мұқият назар аудару – әдептіліктің негізгі белгілері (Назира).
  Әдептiлiк, менiңше, кез келген жақсы iс-әрекет: кішілерге қамқор болу, үлкендерге көмектесу (Маржан).

Қай жауап саған көбірек ұнады? Дәлелде.
Сен де сұхбатқа еніп, өз жауабыңды жазбаша білдір.

63. Өз әдептілік деңгейіңді тест тапсырмасын орындау арқылы бағала. Сұраққа «иә», не «кейде», не «жоқ» деп жауап бер.

  Балдарыңды сана: «иә» жауабына – 2 балл, «кейде» жауабына – 1 балл, «жоқ» жауабына – 0 балл.
  Егер 12-ден 16 балға дейін жинасаң, сенде бәрі дұрыс. Жарайсың!
  Егер 8-ден 11 балға дейін жинасаң, сен үнемі әдепті бола алмайсың.
  Егер 8 балдан төмен жинасаң, әдепті болуға ұмтылуың қажет.

×
×

Cart