Мен не үйрендім?

1. Мәтінді мұқият тыңда.

  Бұл ай – қыстың хабаршысы*. Бұл айда жердің топырағы тоң* болып қатады. Қара суық* күшейеді. Су бетіне қабыршық мұз* қатады. Күн қысқарып, түн ұзарады. Кей жерлерді қар басады. Кей жерлерде жауған жаңбырдың арты қарға айналады.
  Бұл қай ай?

• Мәтінді бөліктерге бөл. Әр бөлікке ат қой.
• Жоспарды толықтыр:
1. Қыстың хабаршысы.
2. Тоң болып қатуы.
3. …
4. …
5. …
• Түсініксіз сөздерді анықта және олардың мағынасын сөздіктен айқында.
Хабаршы, тоң, … .
• Жоспардың көмегімен мәтіннің мазмұнын жаз.

2. Мәтіндерді түсініп оқы. Әр мәтінге сұрақ қоя отырып, түрін анықта және сәйкестендір.

Әңгімелеу мәтіні

Пайымдау мәтіні

Сипаттау мәтіні

  Лашын қазіргі кезде сирек кездеседі. Табиғатта саны азайып бара жатқан құстардың қатарында. Сондықтан ол біздің елімізде қорғауға алынған.

«Ол кім? Бұл не?» кітабынан

  Лашын – сұңқар тұқымдасына жататын жыртқыш құс. Лашынның ту сырты көк сұр немесе қара сұр, ал алқымы ақ сұрлау болып келеді. Көзі дөп-дөңгелек, қап-қара. Қанаты ұзын және сүйір, саусақтары салалы.

«Ол кім? Бұл не?» кітабынан

  Мен лашынды хайуанаттарбағынан кездестірдім. Ол ұясында отырды. Ол бізден қорыққан да жоқ.

3. Сынып оқушылары «Күз кереметі» қойылымын қоймақшы. Қойылымның
шақыру қағазын дайында. Шақыру мәтінін дәптеріңе толықтырып жаз.

×
×

Cart