Нұржан кішкентай ағаштың артық бұтақтарын қия бастады. Байқамай, қабығымен қоса діңін* кертіп тастады.
– Балам-ау, мұның не? Ағашты жарақаттадың ғой, енді ол жылайтын болды.
Нұржан қалт тұрып қалды.
– Қалайша, ағаш та жылай ма?! – деді таңданып.
– Әрине, оның да жаны бар, ол да тіршілік иесі. Оны сезіне білулерің керек, – деді бағбан.
«Балдырған» журналынан
• Мәтін не туралы? Мәтінге ат қой.
• Мәтіндегі негізгі ойды білдіретін сөйлемді тауып оқы. Оған өз ойыңды білдір.
• Мәтін мазмұны бойынша жоспар құр және оны жаз.
• Мәтіндегі қарамен жазылған сөзге назар аудар. Бұл сөз не үшін қолданылып тұр деп ойлайсың?