Э дыбысы

16. Мәтінді оқы.

  ЭКСПО – бүкіләлемдік көрме. Ол ең алғаш Ұлыбританияда өткен.
  ЭКСПО-2017 көрмесін Астанада өткізу – Қазақстанның ірі жобаларының бірі. Бұл ТМД елдерінде өткен алғашқы көрме болды.
  Көрменің тақырыбы «Болашақтың энергиясы» деп аталды. Көрменің аумағында күн сайын әр алуан іс-шаралар өткізілді.
  Оның бәрі эфирден көрсетілді.

• Мәтін не туралы?
• Сұрақтарға жазбаша жауап бер:

1. ЭКСПО неліктен бүкіләлемдік көрме деп аталды?
2. ЭКСПО-2017 көрмесі қайда өтті?
3. Көрменің тақырыбы қалай аталды?

• Мәтіннен э дыбысы бар сөздерді тауып жаз. Бұл сөздердің мағынасын дереккөздерден қарап біліп ал.
• «Болашақтың энергиясы» тақырыбында болжам жаса және топта талқыла.

  Э – дауысты дыбыс. Ол басқа тілден енген сөздерде және сөздің басында кездеседі: эфир, эскалатор, экипаж.

17. Берілген сөздерді қатесіз көшіріп жаз.

Эрмитаж, эстрада, экскаватор, эстафета.

• Өзің э дыбысы бар бірнеше мысал айт. Сол сөздердегі э дыбысын е дыбысы бар сөздермен салыстыр.

18. Көп нүктенің орнына э, е әріптерінің тиістісін қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.

1. Көшеде …лектр шамы жарқырайды. 2. Ұшақ …кипажсыз орнынан қозғалмайды. 3. Балаларға …стафета ойнау қызық болды.

• Э дыбысы бар сөздердің мағынасын түсіндір. Осы сөздерге дыбыстық талдау жаса.

19. «Шынықсаң, шымыр боласың» эстафета жарысына құттықтау сөз дайында.
Ол үшін келесі беттегі сурет пен сызбаны пайдалан.

• Құттықтау сөзі шығу үшін, шар ұстаушылардың орнын қалай өзгерткен дұрыс?
• Шарлардағы сөздерді пайдаланып, мына сызбаны толықтыр.

×
×

Cart