В дыбысы

20. Мәтінді оқы.

  «Велосипед» сөзі «желаяқ» деген ұғымды білдіреді. Оның түрлері көп. Автомобильдің жүк салғышына сыйып кететін шағын немесе жиналмалы велосипедтер бар. Оларды жолаушылар өзімен бірге трамвай, автобусқа алып кіре береді.
  Велосипед қоршаған ортаға мүлде қауіпті емес. Велосипед тебу – аяқ бұлшық еттерін жаттықтырып, сені шымыр қылады. Сондықтан оны басты көлігің ретінде таңдауың экологияның жақсаруына қосқан үлесің болып саналады.

Мәтін не туралы?
Мәтін мазмұны бойынша өздерің сұрақтар құрастырыңдар.
Мәтіндегі в дыбысы бар сөздерді тауып, бұл дыбыстың айтылу ерекшелігін байқа.
«Велосипед – пайдалы көлік» тақырыбында өз ойыңмен бөліс.

  В – ұяң дауыссыз дыбыс. Ол сөздің барлық буынында келе береді: вагон, автобус, паровоз, Асқаров.

21. Мәтіннен в әрпі бар сөздерді теріп жазып, оларға дыбыстық талдау жаса.

22. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.

  1. Мен мектепке а…тобуспен барамын. 2. Қыздар волей…ол ойнады. 3. Ұлдар фут…ол ойнады. 4. Олар …альс биледі.

23. Ойлан, тап.

49-бетте берілген велосипед суретіндегі  Δ пен ◯ санын анықта.
Велосипед суретіндегі тірек сөздермен сипаттау мәтінін құрастыр.

×
×

Cart