Сөйлеу мәдениетіне үйренемін

51. Суреттерге қара.

Балалардың қайсысы әдептілікті сақтамады деп ойлайсың?
Жаяу жүргіншілер жолында неліктен ролик тебуге болмайтынын дәлелде.
Көліктен шығар кезде жолаушыларға айтатын сөздерді таңда:
• Менің шығуым керек.
• Өтіп кетуге бола ма?
• Сіз келесі аялдамада түсесіз бе?
• Өтінемін, өтіп кетуіме бола ма?

52. Қоғамдық көлікте өзін қалай ұстау қажеттігі туралы ережені толықтырып жаз.

  1. Үлкендер мен балалы әйелдерге орын беру керек.
  2. …
  3. …
  4. …

Өзіңнің осы ережені бұзған кезің болды ма?
Үлкендерге орын бермеген балаларға қандай ақыл айтар едің?

53. Өлеңді оқы.

Балақайды жұбатып ек,
Апай айтты: «Рақмет!»
Малды өріске ұзатып* ек,
Атай айтты: «Рақмет!»
Көк шыбықты құлатып ек,
Айтпады ешкім «Рақмет!»

Бейсебай Кірісбайұлы

Өлең не туралы?
«Рақмет!» деп қай кезде айтады, қандай жағдайда айтпайды? Өз ойыңмен бөліс.

54. Көшіріп жазып, өзің қалаған сөздермен диалог құра.

Рұқсат етіңіз, мархабат етіңіз, мүмкін болса, ренжімесеңіз, мақұл, қалауыңыз білсін.

Бұлардан басқа әдептілікті білдіретін қандай сөздерді білесің?

×
×

Cart