Мен не үйрендім?

1. Мәтінді мұқият тыңда.

  Хиуаз Доспанова Ұлы Отан соғысына қатысқан. Ол – қазақтың тұңғыш ұшқыш қызы.
  Хиуаз әуеге 300 рет ұшып шығып, Кубань, Қырым, Украина, Белоруссия, Германия жерлеріндегі жау бекіністерін бомбалаған.
  Хиуаз Доспанованың ерлігі дәріптеліп, ол туралы бірнеше кітап жазылды. Жауынгерлік еңбегі үшін «Халық қаһарманы» атағы берілді.

«Ана тілі» газетінен

Хиуаз Доспанова туралы білетініңді айт.
Х, һ әріптері бар сөздерді тауып, осы сөздерге дыбыстық талдау жаса.

2. Кітапханашы хабарландыру жазды. Сиқыршы мәтіндегі сөздердің орнын ауыстырып жіберді. 
Хабарландыруды тиісті сөздерді өз орнына қою арқылы жаз. Тыныс белгілерін қой.ф

3. Тірек сөздер арқылы құрастыратын мәтініңнің не туралы екенін болжа.

Жұбыңмен тілші мен көрермен рөлінде сұхбатқа түс.

×
×

Cart