Тура және ауыспалы
мағыналы сөздер

9. Жұмбақты оқып, шешуін тап.

Таңдайы тақ, тақ,
Талмайтын неткен жақ!

Бір өзінде екі тіл,
Сөйлемейді бірақ.

Жұмбақтағы қарамен берілген сөздерге назар аудар. Бұл сөздер нені білдіреді?
Тіл сөзі қандай мағыналарда қолданылады?
Сағат не үшін керек?
Суреттегі сағаттарға қара. Суреттер бойынша сағаттың шығу тарихын болжап көр.
Отбасы мүшелері қай сағат түрін пайдаланады? Сен өзің қай сағат түрін қолданасың?

10. Берілген сөздер тобын пайдаланып, сөйлем құрап жаз.

Алтын уақыт, алтын сағат.

Берілген сөздер тобында алтын сөзі қандай мағынада қолданылып тұр деп ойлайсың?
Алтын уақыт деп неліктен айтады?
Өзің уақытты қалай пайдаланасың? Осы сұрақтың жауабын топта талқылауға қатыс.

Сөздер өзінің негізгі мағынасынан басқа мағынада да

11. Тиісті тыныс белгісін қойып, өлеңді көшіріп жаз.

Жаз көрпені кісі күт,
Қонақ келсе үйге құт.
Жаз әріпті сандарды
Жазу – өнер сындарлы*.

«Балдырған» журналынан

• Қарамен берілген сөздердің мағынасын түсіндір.
• Өзің үйге келген қонақты қалай қарсы аласың? Ойыңмен бөліс.

12. Мәтінді оқы.

Уақыт есебі

  Бір сабақта мұғалім:
  – Міне, қазір көктем. Күн ұзарып, түн қысқарып келеді. Енді бір айдан соң, яғни жаз кезінде күн бір сағатқа ұзарады, – дейді.
  Бір ай өтеді. Сабақта жыл мезгілдері туралы әңгіме болады. Мұғалім осы сыныпта оқитын Қожанасырды тақтаға шақырып:
  – Ал, Қожанасыр, сен айтшы, бір тәулікте қанша сағат бар? – деп сұрайды.
  – Басқа мезгілдерде жиырма төрт сағат, ал жаз кезінде жиырма бес сағат бар, – депті.

«Мен оқимын, ойлаймын, ойнаймын» кітабынан

Мәтін мазмұны бойынша бір-біріңе сұрақ қой.
Күн ұзарғанда тәуліктегі сағат саны өзгере ме?
Қожанасыр нені түсінбеді деп ойлайсың?
Қожанасырдың орнында болсаң, қалай жауап берер едің?
Мәтіндегі қарамен берілген сөздердің қандай мағынада қолданылып тұрғанын түсіндір.

13. Суретте көрсетілген 12 әріптен 21 сөз шығарып көр. Ол үшін ешқандай әріп тастамай рет-ретімен оқи бер.

Тапқан сөздеріңді жаз.
Жазған сөздердің мағынасын түсіндір.

14. Өлеңдегі қарамен берілген бұрыш сөзінің екі мағынада қолданылып тұрғанын дәлелде.

Мен таба алмай бұрышты,
Қарадым бар қуысты.
Таусылған соң шыдамым,
Інімнен кеп сұрадым.
Мен іздесем бұрышты,
Көрсетті-ау ол бұрышты.

Өтепберген Ақыпбекұлы

×
×

Cart