Түбір сөз және туынды сөз

15. Мәтінді рөлге бөліп оқы.

  Атасы Бекжанның білуге деген құштарлығына ерекше ден қояды*. Ылғи жөн сілтеп отырады да, жиі пысықтайды.
  – Бекжан, сен кімнің баласысың?
  – Атамның баласымын.
  – Өзің кімсің?
  – Қазақпын.
  – Қайда тудың?
  – Алматы қаласында.
  – Сен қай тілде сөйлейсің?
  – Қазақ тілінде сөйлеймін.
  – Отаныңды білесің бе?
  – Білемін, менің Отаным – Қазақстан!
  – Ержеткенде Отаныңа қызмет етесің бе?
  – Барлық күш-жігерімді Отаныма арнаймын!..

Қ. Игілік

Мәтін арқылы Бекжанның өмірбаянын біле алдың ба?
Бекжанның өмірбаянын білу үшін сендер қандай сұрақ қояр едіңдер?
Сұрақ қою үшін келесі беттегі ақпаратпен таныс.
Ата – ататай, қазақ – қазақша сөздерін салыстыр. Олардың мағынасындағы өзгерісті байқа.
Өз өмірбаяныңды жаз.
Туған-туысқандарыңды қалай жақсы көресің? Сезіміңді қалай білдіресің? Ым-ишара арқылы көрсет.

  Өмірбаян дегеніміз адамдардың өмірі туралы әңгіме. Өмірбаян адамның туған жылы, айы, күнінен басталады. Одан кейін тұрған мекенжайы, отбасында қанша адам тұратыны туралы баяндалады.

16. Мәтінді суреттегілердің атауын қою арқылы толықтырып жаз.

Халықтың жыл санау есебінде 12 жыл аты бар. Қазақша жыл санау бойынша жылдар былай аталады:

Тышқанның қалай жыл басы болғанын есіңе түсір.
Қарамен берілген сөздерге назар аудар, олардың түбірін тап.

Түбір сөзге жұрнақ жалғау арқылы жасалған сөзді туынды сөз дейді:

17. Ойлан, тап.

  Бір үлкен кісі сұраған соң жасымды айтып едім, «Е, қозы жасында* екенсің ғой», – деді.
  Түсінбесем де, қайта сұрауға ұялдым. «Қозы жасы» деген нені білдіреді?

Сұрақтың жауабын сөздіктен қарап біліп ал.

18. Мәтінді оқы.

Ұтымды жауап

        Болашақ суретші бала бір күні: «13 жыл қой бақтым. Енді оқимын. Таяқ қуат болса да, мұрат емес», – деп, Жаркентке жаяу кетеді.
        Жаркентте байларға жалшы болып, аздаған тиын-тебен* табады. Ол ақшасына қағаз, бояу сатып алатын. Әбілхан жиырма бес жасқа келгенде оқу іздеп, Алматыға жол тартады. Оның небары екі сыныптық білімі болды. Атақты суретші Николай Гаврилович Хлудовқа салған суреттерін көрсеткенде, ол баланың өнеріне қайран қалыпты. Сурет салуды қайдан және кім үйреткенін сұрағанда, Әбілхан Қастеев:

«Таудың бұлағынан,
Қойдың құлағынан,
Анамның киізінен,
Ешкімнің мүйізінен», –
деп жауап берген екен.

Әміртай Бөриевтен

Мәтін кім туралы?
Ә. Қастеев туралы не білесің?
Ә. Қастеевтің Н.Г. Хлудовқа берген жауабын топта талқыла. Ол неліктен солай жауап берді?
Мәтін кімнің атынан баяндалып тұр?
Мәтіннен туынды сөздерді тап.

Орфографиялық Сөздік

мүсін

19. Мақалдың қатесін түзеп жаз.

Білімді жастан ақыл шығар,
Ақылды қарттан нақыл шығар.

Туынды сөздерді тауып, оларды сөз құрамына талда.
Мақалдың мағынасын қалай түсінгеніңді айт.

20. Берілген жұрнақтарды қандай сөздерге қосып жаңа сөз жасауға болады?

Жаңа сөздердің мағынасын түсіндір.

21. Бір дыбыс екі рет қайталанбайтындай етіп жаңа сөз жасап жаз.

×
×

Cart