Ертеде ағашты тұрмыс пен шаруашылыққа жарамдылығына қарай отындық*,
кәделік* ағаш деп екі топқа бөлген. Шеберлер ағаштан әртүрлі бұйымдар жасап, кәдеге жаратқан.
Ағашты кескен кезде сүрегіндегі* шеңберлердің санына қарап жасын анықтайды. Олар жасына қарай мынадай түрлерге бөлінеді: балғын*, жас, толық өсіп жетілмеген, толық өсіп жетілген, көп тұрып қалған ағаштар. Балғын, жас ағаштарды кесуге қазақтар «көктей соласың»* деп тыйым салады. Кәрі, қураған ағаштар ғана кесіледі. Мұндай ағаштар отынға пайдаланылады.
Ғаламтордан
• Сұрақтарға жауап бер:
1. Неліктен ағаштар отындық, кәделік болып бөлінеді?
2. Ағаштың жасына қарай қандай түрлері бар?
3. Жас ағашты неге кесуге болмайды?
4. «Көктей соласың» деп неліктен айтады? Себебін
топта талқыла.
• Мәтіннен түбірлес сөздерді тап.
• Мәтіннен түсініксіз сөздерді тауып, мағынасын түсіндірме сөздіктен қарап біліп ал.