Түбір мен қосымша

30. Мәтінді тыңда.

Бір минут

  Отбасында бәрі де өз уақытында жүріп-тұрғанды жақсы көретін. Тек Талғат қана үнемі кешігіп жүретін.
  – Талғат, кел, тамағыңды іш, – деп шақыратын шешесі.
  – Қазір бір минуттан кейін барамын, – деп, Талғат кітабын оқи беретін. Бұл оның әдеттегі жауабы еді. Ылғи осылай дейтін.
  Бір күні мектепте шаңғы жарысы өтті. Талғат шаңғыны жақсы тебетін. Бірақ ол жеңімпаз болған жоқ. Оның жолдасы бір минутқа озып келді. Талғат екінші орын алып, үйге көңілсіз болып қайтты.
  Талғат біраз ойланып, бір минуттың адам өміріндегі маңызын енді ғана түсінгендей болды.

Рафиқа Нұртазина, Ләйлә Асқар

• Мәтін мазмұны бойынша бір-біріңе сұрақ қой.
• Мәтіндегі негізгі ойды анықта.
• Талғат бір минуттың да рөлі бар екенін түсінді ме? Оны түсінуге не себеп болды?
• Мәтін мазмұнына өз ойыңды қысқаша жаз.
• Мәтіндегі қарамен берілген сөздердің жазылуына назар аудар. Бұл сөздердің түбірін тауып, жазуда қалай өзгергенін айтып көр.

  Қосымша жалғанғанда кейбір түбір сөздердің жазылуы өзгереді: кітап – кітабы, парақ – парағы, әріп – әрпі, халық – халқы.

34. Суреттегі сөздерді жұптастырып жаз.

Жұптасқан сөздерді салыстырып, түбір сөздің жазылуын өзгерткен қосымшаны ата.

35. Мақалды қатесін түзеп жаз.

Ел көрікі – мал,
Өзен көрікі – тал.

×
×

Cart