Түбір мен қосымшаның жазылуы

36. Өлеңді тыңда.

            Түн

Ұясына күн батып,
Айналаны түн басты.
Дала мүлгіп балбырап,
Жым-жырттыққа ұласты.

Біз де үйге беттедік,
Енді әткеншек теппедік.
Ойнасақ та күнұзақ,
Құмарына жетпедік.

 

Түнде тыныс аламыз,
Тез-ақ ұйықтап қаламыз.
Жалғасына ойынның
Түсімізде барамыз.

Рахат Наурызбаева

Өлең неліктен «Түн» деп аталған?
Балалардың түнде әткеншек теппеу себебі неде?
Түнгі мезгілді күндізгі уақытпен салыстыр.

Орфографиялық Сөздік

күнұзақ

37. Мәтінді қатесіз әрі көркем жаз.

Күндіз күн шығады. Ол айналаға нұрын шашады. Жер беті жап-жарық болады.

38. Пішіндерді сәйкестендіріп, өлең құрап жаз.

Жазған өлеңдегі қарамен берілген сөздің түбірін тап.
Түбір сөздің соңғы дыбысы неліктен өзгергенін түсіндір.

39. Ребусты шеш.

40. Өлеңді тыңда.

Жеті жасар баласын
Жетпісте шал жетектеп,
«Қайда әлгі мектеп?» – деп,
Жетпіс келеді сүрініп,
Жеті келеді жүгіріп.
 – Балам, балам, жақсы бол,

Міне, сенің мектебің.
Сабағыңа зейін сал,
Ақылды бол тентегім,
Деп, жетпіс бір күрсінді.
Жеті нені түсінді?..

Қасым Аманжолов

Жетпістегі ата неге күрсінді деп ойлайсың? Оның неге күрсінгенін бала түсінді ме? Өз ойыңмен бөліс.
Қарамен жазылған сөздердің түбірін тап. Түбір сөздің жазылуындағы өзгерістің себебін түсіндір.

41. Сөздерді көшіріп жаз.

Халық – халқы, ерік – еркі, құлып – құлпы, орын – орны, бөрік – бөркі.

Сөздерді салыстыр. Түбір сөздің жазылуын өзгерткен қосымшаны ата.
Сөздердің жазылуын есте сақта.

42. Тізбектің басында тұратын сөзді тап.

Түбір сөздерді қатыстырып сөйлем құра.

43. Сөйлемдерді мәтін шығатындай ретпен жаз.

Одан қалып қоюға болмайды. Уақыт тоқтамай сырғиды. Сондықтан бүгін істейтін істі ертеңге қалдырма.

Жазған мәтін мазмұнына өз ойыңды айт.
«Уақыт құнды», «Уақытыңды бағала» деп неліктен айтатынын топта талқыла.

×
×

Cart