Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша

13. Мәтінді тыңда.

        Астанадан алты шақырым жерде Құлагерге ескерткіш орнатылған. Ескерткіш «Астана–Көкшетау» тасжолының бойында тұр. Құлагердің мүсіні мыстан соғылған.
        Құлагер – әйгілі Ақан серінің тұлпары. Ақан он алты-он жеті жасынан әнге, өлеңге, домбыраға әуес болады.

Олжас Қабділ Рашидтен

• Мәтіннен өзіңе қандай жаңа ақпарат алдың?
• Ол ақпараттар саған ұнай ма? Ұнаса, неліктен?
• Өз өлкеңде қандай ескерткіштер бар?
• Мәтіндегі қарамен жазылған сөйлемдерді көшіріп жазып, сөйлем мүшесіне талда. Олардың тыныс белгісіне назар аудар.

14. Сөйлемдерді оқы.

Әділет – оқушы.
Сәуле – биші. 
Алма – жеміс.

Әділет оқыды.
Сәуле биледі.
Алма пісті.

• Екі бағандағы сөйлемдердің баяндауыштарын тауып, оларға сұрақ қой.
• Екі бағандағы сөйлемдердің баяндауыштарын салыстыр.

     Бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен жасалса, бастауыштан кейін сызықша (–) қойылады:

15. Мақалдардың қатесін түзеп көшіріп жаз.

1. Отан қуат, отбасы шуақ.
2. Мектеп кеме, білім теңіз.
3. Ас атасы нан.

16. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып, өлеңдi оқы.

• Өлеңдегі сызықшаның қойылу себебін түсіндір.

×
×

Cart