Жалаң және жайылма сөйлем

36. Мәтінді түсініп оқы.

  Бейнелеу өнерінің табиғатты бейнелеген түрі пейзаж деп аталады. Пейзаж бейнелеу өнерінің әрбір түрінде кездеседі. Пейзаж маған өте ұнайды.
  Егер суретте адам бейнеленсе, ол жанр портрет деп аталады. Суретте қозғалмайтын заттар да бейнеленуі мүмкін. Бейнелеу өнерінің бұл түрі натюрморт деп аталады.

«Бейнелеу өнері» кітабынан

Бейнелеу өнерінің тағы қандай жанрлық түрлерін білесің?
Саған бейнелеу өнерінің қай жанры ұнайды?
Мәтіндегі қарамен берілген сөйлемді көшіріп жаз. Сонан соң тұрлаусыз мүшені алып тастап жаз. Екі сөйлемді салыстыр.

  Жай сөйлем жалаң, жайылма болып екіге бөлінеді. Бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлемді жалаң сөйлем дейді: Жазира биледі.
  Тұрлаулы мүшелерден басқа тұрлаусыз мүшелері де бар сөйлемді жайылма сөйлем дейді: Жазира әдемі биледі.

37. Суретшіге жалаушадағы әрбір сөздің қай суретке тиісті екенін тап.

38. Жұмбақты оқып, жатқа жаз.

Түнде күндіз болды,
Жерге жұлдыз қонды.

Жай сөйлемнің түрлеріне ажырат.
Сөйлем мүшелерінің байланысын сызбамен көрсет.

39. Сызбаны толықтыр.

×
×

Cart