Отбасының қоғам
өміріндегі маңызы

БҰЛ БӨЛІМНЕН СЕН:
– отбасының қоғам өміріндегі маңызын білесің;
– отбасындағы әр адамның не атқаратынын талдайсың;
– отбасы бюджетінің қалай құралатынын түсінесің;
– мектептегі өзін-өзі басқару туралы білетін боласың;
– көшбасшылық қасиеттерді анықтауды үйренесің.

– отбасының қоғам өміріндегі маңызын дәлелдеуді білесің.
– отбасының әр мүшесі қандай рөл атқаратынын талдауды үйренесің.

Есіңе түсір!

  Біз осыған дейінгі сабақта адамның қоғамнан бөлек өмір сүре алмайтыны туралы айтқанбыз. Адамдардың белгілі бір іс-әрекеттеріне қарай бірлескен тобын қоғам дейді. Алайда бір қоғамда өмір сүріп жатсақ та, біз өз ішімізден шағын топтарға бөлінеміз. Ол – отбасы.

  «Отбасы» анықтамасынан негізгі құндылықтарды атаңдар. Ол құндылықтардың отбасы үшін маңызы қандай?

Топтық жұмыс

Сұрақтар мен тапсырмалар

Адамдар не үшін отбасын құрады?
Отбасы мүшелерін бір-біріне қатысты қалай атайды?
Отбасындағы бір адам әртүрлі істерді атқаруы мүмкін бе? Мысал келтір.

  Отбасы дегеніміз – бұл адамдардың некеге немесе туыстық жақындыққа негізделген, рухани жауапкершілік және бауырмалдық тұрғысынан өзара байланысқан бірлестігі.
  Әдеттегі отбасын әке-шеше, ата мен әже және балалар құрайды. Отбасы үлкен немесе шағын болуы мүмкін. Әр отбасы өз шаруашылығын жүргізуде қаржы-қаражат пен ақыл-ой мүмкін- діктерін бірлесе атқару арқылы шешеді.
  Әр отбасы өз тәртіп-заңымен өмір сүреді. Ол заңдар отбасы өмір сүретін қоғамға байланысты қалыптасады. Сонымен бірге отбасы – бұл жекелей өз алдына өмір сүре алатын қоғамның бір бөлшегі.

Өздік жұмыс

  Отбасы мүшелері шаруашылық міндеттерін бірлесіп қалай шешеді? Оған бірнеше мысалдар келтір.
  Жалғыз болғаннан гөрі бірлесіп атқарған істің жеңіл әрі жайлы екенін дәлелде. Мысал келтір.
  Сенің отбасыңда ақылдаса атқаратын істің қалай шеші- летінін айтып бер. Кез келген мәселені отбасылық кеңесте жан-жақты қарастыра отырып, тиімді жолын табуға болатынын дәлелде.

Кластерді оқы!

  Кластерді мұқият оқы да, әке мен ананың отбасындағы рөлі туралы қорытынды жаса.
  Өзіңнің өмірлік тәжірибеңе сүйеніп, отбасындағы балалардың рөлі туралы кластер құрастыр.

Отбасы мүшелерінің атқаратын істері

Топпен жұмыс істей отырып, өзіңнің өмірлік тәжірибеңді қолданып, отбасындағы өмір тәртібін құрастыр. Қоғам дегеніміз не екенін есіңе түсір.

Топтық жұмыс

Қоғам өміріндегі отбасының маңызы жайлы қорытынды жаса.

  Адамның бала кезінде отбасынан алған тәлім-тәрбиесі бүкіл өмір бойындағы ісінде сақталады. Бала өмірінің басым бөлігін өзінің отбасында өткізеді. Баланы отбасындағы ең жақын адамдар – атасы, әжесі, әкесі, анасы, ағасы, әпкесі сияқты еш- кім де шынайы сүйіп, дәл солардай қамқорлық жасамайды. Өзінің өмірдегі алғашқы тәжірибесін бала отбасынан алады, айналасындағы өмірмен танысады және қоғамдық тәртіпті сақтауды үйренеді.

Сұрақтар мен тапсырмалар

  Қазақ халқында «Әке көрген – оқ жонар, шеше көрген – тон пішер» деген мақал бар. Мағынасын түсіндір. Өзіңнің ата-анаң мен отбасыңдағы ересектерден не үйренгеніңді айтып бер. Ата-анаң сені қоғам өміріне қалай дайындап жатыр?

×
×

Cart