Біздің отбасылық бюджетіміз

СЕН:
– отбасылық бюджеттің кірісі мен шығысын есептеуді білесің.
– отбасылық бюджетті ықшамдаудың жолдарын ұсына алатын боласың.

Есіңе түсір!

  Өткен сабақта біз әр отбасының бірлесіп шаруашылық жүргізу, қаржылай және ақыл-ой мүмкіндіктерін біріктіру тәрізді бірқатар міндеттерді шешетінін айтқан болатынбыз. Өзіндік бюджеті болмаса отбасы өмір сүре алмайды.
  Отбасының қаржысы қандай қажеттіліктерге жұмсалатынын есіңе түсір (3-сынып материалдарынан).

Отбасы бюджеті – бұл әдетте кесте түрінде бір айға жасалатын отбасылық кірістер мен шығыстардың есебі, отбасылық баланс екенін білесің.

Өздік жұмыс

  Отбасы бюджеті – бұл әдетте кесте түрінде бір айға жасалатын отбасылық кірістер мен шығыстардың есебі, отбасылық баланс екенін білесің.

Тұрақты КІРІСТЕР Ауыспалы

Еңбекақы

Шәкіртақы

Зейнетақы

Сыйақы

Депозит

Басқа кірістер

Жоспарлы ШЫҒЫСТАР Жоспарсыз

Азық-түліктер

Коммуналдық қызметтер

Күнделікті шығыстар

Дәрілер

Айыппұлдар

Шұғыл жөндеу жұмыстары

Отбасылық бюджетті есепте

  Арманның отбасындағы бюджет бойынша берілген 1 айлық кестедегі мәліметтермен таныс. Отбасының кірісі неден құралған? Отбасылық бюджеттің жалпы кірісі қандай? Отбасылық бюджеттің қаражаты қалай жұмсалған? Отбасылық бюджет үнемделген бе және оның мөлшері қандай?

Жоспарлы ШЫҒЫСТАР Жоспарсыз

Бюджет тапшылығы КІРІСТЕР-ШЫҒЫСТАР

Тепе-тең бюджет КІРІСТЕР-ШЫҒЫСТАР

Молшылыққа жоспарланған бюджет
КІРІСТЕР-ШЫҒЫСТАР

Сұрақтар мен тапсырмалар

Сұрақтарға жауап бер:
Арманның отбасындағы қаражат есебін бюджеттің қандай түріне жатқызуға болады?
Сен қалай ойлайсың, отбасында үнемделген қаражат қалай жұмсалады?
Бюджеті тапшы (қаражат жетіспеушілігі) отбасылар не істеуі керек?
Топпен жұмыс істей отырып, отбасылық бюджет шығыста- рын азайтудың жолдарын айт.

Ата-анаңа мына төмендегі сұрақтарды қойып, сұхбат ал:
1. Сіздер отбасылық қаражаттың есебін жүргізесіздер ме?
2. Үнемделген қаражат қалай жұмсалады?
3. Отбасылық бюджетті қалай ықшамдауға болады?

Сұхбат, талқылау

×
×

Cart