Мектептегі өзін-өзі басқару

СЕН:
– өзін-өзі басқару дегеннің не екенін қайталайсың.
– мектептегі өзін-өзі басқару ұйымының құрамына өту жолдарын түсіндіресің.

Есіңе түсір!

Ұжым дегеніміз не? Ұжымды кім басқарады? Өзін-өзі басқару дегеніміз не? Оқушылардың өзін-өзі басқаруы туралы айтып бер. Сынып өмірінен мысалдар келтір. Мұғалімнің өзін-өзі басқарудағы рөлі қандай? Сенің сыныбың өзін-өзі басқара алады деуге бола ма? Неге?

Арманның өз мектебіндегі ұжым өмірі жайлы әңгімесін оқы.

Бақылау, зерттеу

  Балалар, мектеп дегеніміз – қоғамның шағын үлгісі іспетті. Біз есейген кезімізде жігерлі әрі бастамашыл болу үшін болашақ өмірге деген дайын- дығымызды мектептен бастауымыз керек. Біз мектепте жүргенде-ақ өз бетімізше шешім қабылдауды үйренеміз. Ондай қасиеттерді мектеп өмірінде қалыптастыруға болады.
  Біздің мектебімізде өзін-өзі басқару жүйесі бар. Демек, оқушылар мектептегі өз өмірлеріне байланысты мәселелерді өздері шешеді деген сөз. Мектебіміздегі өзін-өзі басқару ұйымы – кеңестер алқасы сол үшін сайланған. Егер оқушылардың өмірінде әлдебір мәселе туындаса, кеңестер алқасы оны мектеп директорына жеткізеді. Кеңестер алқасы бүкіл оқушылардың атынан сөйлейтінін директор біледі. Ал егер балалар сабақтан тыс уақытта іс-шаралар ұйымдастырғысы келсе, мысалы, спорт мерекесін өткіземіз десе, кеңестер алқасы оны ұйымдастыруға көмектеседі.

Сұрақтар мен тапсырмалар

Арман неге мектепті қоғамның шағын үлгісіне теңеді?
Оқушылардың мектептегі кез келген істе белсенді әрі өз бетінше шешім қабылдай алатындығы қаншалықты маңызды?
Арманның мектебіндегі оқушылардың мәселелері қалай шешіледі?

Мектептегі өзін-өзі басқару үлгісі

Есіңе түсір!

Арман оқитын мектептегі өзін-өзі басқару сызбасына қара. Өзін-өзі басқару ұйымын қандай комитеттер басқарады? Сен қалай ойлайсың, мектептегі кеңестер алқасының құрамында кімдер болуы мүмкін? Кеңестер алқасы қандай ұйымдарды басқарады? Сенің мектебіңдегі өзін-өзі басқару ісі қалай жүргізіледі? Бұл сұрақтың жауабын қалай табасың? Сен қалай ойлайсың, өзін-өзі басқару үлгісі барлық мектеп- терде бірдей деуге бола ма? Мектептегі кеңестер алқасына қалай мүшелікке өтуге болады?

Егер сен өз мектебіңді басқаратын болсаң, нені өзгертер едің?
Ал сенің таныстарың, сыныптастарың, ата-анаң, мұғалімдерің мектеп өміріне қандай өзгерістер енгізе алады?

Сұрақтар мен тапсырмалар

×
×

Cart