Әр алуан тапсырмалар

I. Сұрақтарға жауап бер:

1. Қазақстан аумағы қандай әкімшілік-аумақтық бөліктерге бөлінген?
2. Республикалық маңызы бар қалаларды ата.
3. Адамның шаруашылық қызметі дегеніміз не?
4. Сен тұратын облыс экономикалық қызметтің қандай түр-лерімен айналысады?
5. Адамның шаруашылық қызметіне табиғи жағдайлар қалай әсер етеді? Туған өлкенің өмірінен мысалдар келтір.

II. Тесті орында:

1. Қазақстан аумағы неше облысқа бөлінеді?
А) 16;
Ә) 14;
Б) 12.

2. Қазақстандағы малшаруашылығының негізгі саласы:
А) жылқышаруашылығы;
Ә) түйешаруашылығы;
Б) қойшаруашылығы.

3. Шаруашылық қызметтің түрлері қандай жағдайларға байланысты таңдалады?
А) ақша қаражатына;
Ә) табиғи жағдайларға;
Б) қызметкерлердің қалауына.

4. Сапалы тауар түрі мен қызмет көрсетуді пайдалану үшін шығынсыз қалай аз ақша жұмсауға болады?
А) үнемдеу;
Ә) оңтайландыру;
Б) жоспарлау қажет.

5. Қаны бір туыстарды біріктіретін әлеуметтік топ:
А) сынып;
Ә) тайпа;
Б) отбасы.

6. Оқушының өзін-өзі басқаруы – бұл:
А) басқа ортада ерекше артықшылығын көрсетуге ие бола алатын оқушы;
Ә) мұғалімді жұмысқа қабылдауға шешім шығаратын басқару мекемесі;
Б) мектепте оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруда қаралатын мәселелерге оқушылардың қатысуы.

ІІІ. Шешімін тап

  Отбасында мектеп жасындағы екі бала бар. Ата-анасы жұмыс істейді. Олардың айлық табысы – 220 мың теңге. Коммуналдық төлемге 25 мың теңге төлейді. Тамаққа 90 мың теңге бөледі, жол жүруге 15 мың теңге жұмсалады. Отбасының қалған қажеттілігіне қанша қаржы кетеді?

ІV. Өз пікіріңді құрастыр

Отбасы бюджетін үнемдеу үшін қандай пікір қосар едің?

V. Дайын сөзжұмбақ бойынша сұрақтар құрастыр

×
×

Cart