ХХ–ХХІ ғасырлардағы Қазақстанның экономикадағы жетістігі

СЕН:
– Қазақстанның ХХ–ХХІ ғасырлардағы экономикадағы жетістіктері туралы білетін боласың.
– еліміздегі өнеркәсіпті қалаларды картадан табуды үйренесің.

Сен білесің бе?

Біздің республикамыз ХХ ғасырда Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы (КСРО) деп аталатын үлкен мемлекеттің құрамында болды. КСРО құрамында 15 республика: Ресей, Қазақстан, Беларусь, Украина, Өзбекстан және т.б.елдер болды.

Уақыт тізбесіне қарай отырып, Кеңес Одағы қанша жыл өмір сүргенін анықтап көр. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болғанына қанша жыл болды?

Бақылау, зерттеу

Өздік жұмыс

  ХХ ғасырда біздің елімізде зауыттар, фабрикалар, теміржолдар салынды. Шахталар мен кен орындары ашылды.
  Сол уақыттарда еліміздің экономикасын халық ақыны Жамбыл Жабаев өз өлең жолдарында қалай сипаттаған? Өлең жолдарында аталған нысандарды «Қазақстанның пайдалы қазбалар» картасынан (61-бет) тауып көрсет.

Алтын, күміс, қорғасын,
Мұнай, көмір, жез бен мыс
Жылдан-жылға көбейіп,
Кеңейтіп келед көлемін.
Мұқтажы жоқ елімнің,
Үйінен табад керегін.
Қарағанды, Қарсақпай,
Ембі менен Балқаштай
Кеннің әлденешеуін,
Тағы тауып беремін.
                                                                              Жамбыл Жабаев

Суретші Ә. Қастеев «Түрксіб»

Тыңдағы астық жинау

  Түркістан-Сібір теміржолы (Түрксіб) салынды. Ол Орта Азия мен Қазақстанды Сібір- мен жалғастырды. 1954 жылы біздің елімізде бұрын ешқандай түрен түспеген тың жерлер игеріле бастады. Бүгінде сол алқаптарда қатты сұрыпты бидай дақылдары өсіріледі. Ондай бидайдан құрамында ақуызы мол нан пісіріледі.

Бақылау,
зерттеу

ХХ ғасырда біздің еліміздің экономикасында орын алған оқиғалар сенің отбасыңның өміріне қалай әсер еткенін ересектерден сұрастыр және отбасылық мұрағат арқылы біл. Әңгіме құрастыр.

  1991 жылы Қазақстан тәуелсіз мемлекет болды. Елімізде мәшинелер мен құрылыс материалдарын шығаратын зауыттар ашылуда. Бұрын Қазақстанда шығарылмаған өнімдердің 500 жаңа түрі игерілді. Олар – вагондар, электровоздар, жүк және жеңіл автокөліктері мен автобустар, дәрі дәрмектер және басқалары.
  Астанада «Тұлпар-Тальго» жолаушыларға арналған жүр- дек вагондар жасайтын зауыт салынды. Бүгінде бұл зауыт жылына жүз елу вагон шығарады. Болашақта вагондарды көрші елдерге экспортқа шығару жоспарлануда.
  Қазақстан аумағындағы алғашқы ең ірі автокөлік құрастырушы кәсіпорын – «Азия Авто» зауыты (Өскемен қ.). Зауыт жылына 10 мыңнан аса автокөліктер шығаруда.

«Тұлпар-Тальго» жүрдек пойызы

«Азия Авто» зауытындағы авто- көлік құрастыру жұмыстары

Елімізде өндірілетін кондитерлік, макарон, сүт және ет өнімдері Қазақстанмен қатар одан тыс жерлерге де тасымалданады.

«Рахат» кондитерлік фабрикасының өнімдері

«Сұлтан» макарон өнімдері

Интернет ресурстарын пайдалана отырып, Қазақстанда өнім- дердің қандай жаңа түрлерін өндіру жұмыстары жолға қойылғанын анықтаңдар. Оларды шығаратын кәсіпорындар қай қалаларда орналасқан?

Жұптық жұмыс

Сұрақтар мен тапсырмалар

Өз аймақтарыңда қандай өндіріс орындары бар? Қазақстанда және одан тысқары елдерде қандай өнеркәсіп өнімдері әйгілі болғанын ата.

Егер сен кәсіпкер болсаң, өндірістің қандай өнім түрлерін шығарумен айналысар едің? Өз ойыңды ұсынып, дәлелдеуге тырыс.

Жоспарлау,
жобалау

×
×

Cart