Тарихи мұражайлар не үшін қажет?

СЕН:
– тарихи мұражайлар не үшін қажет екенін түсіндіре алатын боласың.
– мұражай жобасын өзің жасап үйренесің.

Есіңе түсір!

Мұражайға барып көріп пе едің? Адамдар мұражайға не үшін барады? «Мұражай», «экспонат» сөздері қандай ұғымды білдіреді?

  «Өзінің тарихын білмейтін адамның болашағы болмайды» дейді халық даналығы. Мұражайлар өткен заманның мәдени мұраларын сақтау үшін құрылады.
  Мұражайлар әртүрлі болады: тарихи, көркем, әдеби, өлкетанымдық, техникалық және басқалары.
  Мына суреттерге қарап, тағы қандай мұражайлар болатынын айтып бер.

Қазақ халық музыкалық аспаптары мұражайы (Алматы қ.)

Заманауи өнер мұражайы (Астана қ.)

Абай мұражайы (Семей қ.)

ҚР табиғат мұражайы (Алматы қ.)

Әлия Молдағұлованың мемориалдық мұражайы (Ақтөбе қ.)

Ойыншықтар мұражайы (Қостанай қ.)

  Сен өз өлкеңнің өткені мен бүгіні туралы көп білгің келе ме? Онда тарихи-өлкетану мұражайына барайық. Мұндай мұражайлар әр қалада және аудан орталықтарында да бар. Мына сызбаға қарап, өлкетану мұражайынан не білуге болатынын көре аласың:

  Мұражайға бару арқылы сен өлкенің тарихи, табиғи және мәдени дамуымен танысасың. Келушілер тамашалау үшін қойылған әртүрлі заттарды – экспонаттарды көресің.
  Олар тас шапқы, жебе мен найзаның ұштары тәрізді көне замандардан қалған археологиялық қазба заттары болуы мүмкін. Экспонаттардың арасынан өнер және қолөнер туын- дылары, халықтың тұрмысы мен мәдениетінен қалған құралдар да кездеседі. Жазба құжаттары мен сирек кітаптар осы өңірде болған оқиғалар туралы баяндайды. Сен әйгілі жерлестеріңнің өміріне қатысты естелік заттарды көресің. Туған өлкеңнің бүгінде қалай дамып жатқанын білесің.
  Әр бұйым бізге өткен өмірді өзінше «сипаттайды». Мұражайдағы экспонаттарды өте мұқият қарау керек. Сонда саған көне замандардың құпиялары мен тарихтың жұмбақтары ашылады.
  Міне, бұлар ежелгі экспонаттар:
– моншақтар;
– қоладан жасалған айна.

Сұрақтар мен тапсырмалар

Осы бұйымдарды зерттей отырып, барынша мол ақпарат алу үшін 3–4 сұрақ ойластыр.

Мұражайда өздеріңді қалай ұстауларың керек? Жұппен жұмыс істей отырып, мұражайдағы тәртіп ережесін құрастырыңдар.

Жұптық жұмыс

  Кез келген мұражай бұйымдардың шағын топтамасынан басталады. Үйде, мектепте, ауылда, қалада мұражай ашуға болады. Алдымен сыныптағы мұражайдың жобасын жасауды ұсынамыз.

Ежелгі қорғандардан табылған моншақтар мен қоладан жасалған айна

  Топпен жұмыс істей отырып, өз мұражайларыңа қандай экспонаттарды орналастыратындарыңды анықтаңдар. Оған қандай бұйымдарды қояр едіңдер?

Жоспарлау,
жобалау

Шығармашылық жұмыс

Өз елді мекеніңдегі мұражайға барып, төмендегі жоспар бойынша әңгіме жаз:
– мұражай қалай аталады?
– қандай экспонаттарды көрдің?
– мұражайды көрсетіп таныстырған кім?
– мұражайға барып, қандай жаңа мәліметтер біліп қайттың?
Ғаламтордың көмегіне сүйеніп, өзің қызығатын кез келген мұражайға виртуалды саяхат жаса.

×
×

Cart