Спортта жарақат алудың
алдын алу шаралары

СЕН:
– спортта жарақат алудың себептерін білетін боласың.
– спортта жарақат алудың алдын алу шаралары жөнінде парақша дайындайсың.

«Жарақат» деген сөзді естігенде сен нені елестетесің?

  Адам өндірісте, тұрмыста, көлікте немесе спортпен айналысқан сәтте жарақат алуы мүмкін.
Суреттерге қарап, дене тәрбиесімен және спортпен айналысқанда жарақаттанудың қандай себептері болуы мүмкін екенін түсіндір. Тағы қандай себептерін айтар едің?

Бақылау,
зерттеу

  Келесі беттегі сызбаға қарап, жарақаттанудың түрлерін атап шық. Бұл сызбаны сен қалай толықтырар едің?

  «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деп бекерге айтылмайды. Жарақаттануға байланысты да солай деуге болады. Ендеше жарақаттанудан сақтану үшін не істеуіміз керек? Жарақаттанудың алдын алу шараларын ойластырайық.

Топтық жұмыс

Біз ұсынған кеңестерге сүйене отырып, «Спортта жарақаттануға жол жоқ!» деген тақырыпта парақша дайындаңдар. Естеріңде болсын, парақша мәтіні қысқа әрі әсерлі болуы керек.

ЖАРАҚАТТАНУДЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ

– сабақта немесе жаттығу кезінде тәртіп сақтау қажет;
– дене тәрбиесі мұғалімінің немесе жаттықтырушының кеңестері мен бұйрықтарын тыңдау керек;
– жаттыққанда үстіңе арнайы спорттық киім киіп, спорт алаңдарында айналысу керек;
– сабақ барысында бір-біріңді жарақаттап алудан сақ болу керек;
– спорт құралдарын қауіпсіз пайдалану ережесін есте сақтау керек;
– сабақ барысында қимылдау мен демалуды кезек-кезек жасап отыру керек;
– сабақ барысында соқтығысып қалудан, сыныптасыңды итеріп жіберуден, соққы алудан сақ болу керек;
– құлаған сәтте қорғану ережесіне сай қимылдау керек;
– спорт жаттығуларын орындаған кезде бір-біріңді қорғай білулерің керек. Бұл тізімді тағы қандай алдын алу шараларымен толықтыруға болады?

Егер жарақат алсаңдар, не істеу керек? Ол үшін тәжірибелі дәрігердің кеңестерін оқыңдар. Жұппен жұмыс істеу барысында әртүрлі жарақаттар алған кезде нені істеуге болады, нені істеуге болмайтынын бір-біріңе түсіндіріңдер.

Жұптық жұмыс

Тәжірибелі дәрігердің кеңестері

Жарақат түрлері

Бір жеріңді ауыртып алсаң

 

Сіңір созылса

 

 

Сүйек сынған болса

 

Буын шығып кетсе

 

Ашық жарақат алғанда

 

Болады

Жарақат үстіне суық басу.

 

– Сіңір созылған жағдайда тобық буынына ішіне мұз салынған полиэтилен қапшықты қою керек;
– созылмалы бинтпен орау керек.

Білек сынған жағдайда таңғыш қалақшаны қойып байлайды.

Тобық тайып кеткен жағдайда аяқты жұмсақ дәкемен қатты тартып орайды.

Жарақат алған теріге зарарсыздандырылған таңғышпен байлар алдында йод тұнбасын жағады.

Болмайды

– Сіңір созылған жағдайда тобық буынына ішіне мұз салынған полиэтилен қапшықты қою керек;
– созылмалы бинтпен орау керек.

Зақымданған жерді бір тәулік бойы қыздыруға және ысқылауға болмайды.

 

Қозғалып кеткен сүйектерді түзетуге болмайды.

Буынды өз бетіңмен түзетуге болмайды. Ол дәрігердің көмегімен істелуі керек.

Ашық жарақатты қолмен ұстауға, ішіне түскен сынықтарды тазалауға, оны кез келген материалмен байлауға болмайды.

Сұрақтар мен тапсырмалар

Жадынамаға төмендегі мәліметтерді жаз:
– өзің айналысатын спорт түрі;
– спорттан жарақат алудың алдын алу шаралары.
Жадынаманы дайындау үшін қосымша ресурстарды (ғаламтор, спорт кітаптарын) пайдалан.

Үлкен жарақат алған адамды тез арада жақын ауруханаға жеткізу қажет екенін есіңде ұста!

Есіңде сақта!

×
×

Cart