Жазық, кең дала. Жел жоқ. Күн шуақ. Аспанда – ақ сабынның көбігіндей, ақ мақтадай ақ бұлттар. Анда-санда шық-шық еткен торғайдың даусынанбасқа ешбір тықыр не бір үн естілмейді.
Қартқожа жазық далада. Көйлекшең, жалаңбас. Көк шөпке бауырын төсеп, күнге қарап, қошқыл маңдайынан тері шып-шып шығып, кітабын оқып жатыр.
Оның кітапқа ынталанғандығы сонша, жан-жағынада қарамайды. Анда-санда мұрнын да тартып қояды. Өзінің айдалада жатқанын да, ауылын да, басқа дүниені де ұмытты. Оқыған сайын ажарланады. Иегін созып, көзін қадап, қағазды жеп қоятын тәрізді.