Адамзаттың дамуына
климат қалай әсер етеді?

СЕН:
– климаттың неге және қалай әсер ететінін білетін боласың.
– адамзаттың дамуына климаттың тигізетін әсерін талдап үйренесің.

Есіңе түсір!

  Климат деген не? Жер бетінде климаттың қандай түрлері болатынын картаға қарап айтып бер. Қазақстан қандай климаттық белдеулерде орналасқан?

  «Климат» гректің «клима» – көлбеу деген сөзінен шыққан. Климат күн сәулесінің Жер бетіне көлбеу түсуіне байланысты қалыптасады. Көлбеу түсетін сәулелерге қарағанда тік түсетін сәулелер ыстығырақ болады. Олар ауаны қыздыру арқылы Жер бетін жылдамырақ жылытады. Экваторға жақындаған сайын күн сәулесінің Жер бетіне түсу бұрышы да ұлғаятындықтан ауа температурасы да жоғарылай береді.

Қарап көр де, ойлан

Сызбаға қара. Күн сәулесі Жер бетінің қай бөлігін көбірек қыздырады? Оның климатқа әсері бар ма?

Күн сәулесінің түсуіне байланысты Жер бетінің жылынуы

Суреттерді қараңдар. Климат адамның сыртқы келбетіне қалай әсер ететінін түсіндіруге тырысыңдар.

Жұптық жұмыс

  Климат адамның сыртқы түріне ғана емес, оның кәсібіне, баспанасы мен өмір салтына да әсер етеді.
  Жер бетінде алғашқы адамдар пайда болғанда климат жылы болған. Адамдар сан алуан жеміс жидектер өсетін ағаштар мен жан-жануарлардың ортасында тіршілік еткен. Ол кезде адамға жылы киім мен баспана қажет болмаған. Алайда шамамен жүз мың жыл бұрын мұз басу дәуірі басталған. Солтүстіктен жылжыған алып мұз қабаты бүкіл Жер бетін жапқан. Міне, осы кезеңде адам баласы жан сақтаудың қамын жасаған.

Сұрақтар мен тапсырмалар

Суреттерге қара. Мұз басу дәуірі адам өміріне қандай өзгерістер әкелді?

  Шамамен 13 мың жылдай уақыт бұрын алып мұз қабаты еріген. Соған қарай адам баласы да табиғи ортадағы өзгерістерге бейімделіп өмір сүре бастады.

Өздік жұмыс

Адам баласының климат жылынғаннан кейінгі ойлап тапқан құралдары қандай?

  Біздің жеріміздегі тайпалар үшін климаттың ықпалы қандай болған? Осыдан шамамен үш мың жылдай уақыт бұрын Ұлы Далада климат өзгеріп, құрғақшылық орнаған. Жауын-шашын азайып, күн ысыған.

Сұрақтар мен тапсырмалар

Климаттың өзгеруіне қатысты біздің бабаларымыз қандай шаруашылықпен айналысудың қажет болғанын есіңе түсір. Адамдардың өмір салтына, тұрмысына бұл кәсіптің қалай әсер еткенін суретке қарап, әңгімеле.

Сақтардың көші

  Бүгінде климаттың адамға тигізетін ықпалы ерте кездердегідей аса қауіпті емес. Дегенмен қазірдің өзінде адамның өмірі көп жағдайда ауа райы мен климатқа тәуелді.

Сен қалай ойлайсың, алдағы жаз айындағы ауа райының болжамы кімдер үшін маңызды? Қала халқы немесе ауыл халқы үшін бе?

Сұхбат, талқылау

Бақылау,
зерттеу

Ата-әжеңнен, ата-анаңнан сұхбат алып, «Кейінгі он- жылдықта климат пен ауа райы қаншалықты өзгерді?» деген тақырыпта зерттеу жүргіз.

Климаттың ауа райынан қандай айырмашылығы бар? Ауа райына бақылау ұйымдастыру не үшін қажет? Адамның өмірі мен іс-әрекеті үшін қандай климат жағдайлары қолайлы және қолайсыз деп есептеледі?

Сұрақтар мен тапсырмалар

×
×

Cart