Бірде Фараби әмір сарайына барыпты. Онда әкімдер, ғалымдар, өнерпаздар көп жиналған екен. Қыпшақтарша киінген Фараби елеусіз ғана бір шеттен орын алады. Ол өзі жасап алған домбырасымен күй тартса, жұрттың бәрі күліп, мәз-мейрам болады. Енді бір күйін тартқанда, әлгілер қамығып, жылай бастайды және бір күй тартқанда, бәрі маужырап, ұйықтап қалыпты. Фараби «Бұл күйлерді тартқан – қыпшақ әл-Фараби» деп хат жазыпты да, өзі сарайдан шығып кетіпті. Әмірші оны қанша іздесе де, таба алмапты.