Шебердің қолы ортақ

Қосымша мәлімет аласың және әңгімелейсің.

1. Суреттерге зер сал. Ортақ тақырып тап.

2. Түсініп оқы.

   Зергер

Білесің бе бұл істі?
Зергерлікке кім дайын?
Балқытып ап күмісті,
Сапырады судайын,
Осы жұмыс ырғағы.
Білезік пен алқаны,
Сақинаны, сырғаны
Күміс сымнан тартады.

 

Көрсең, қайран боларсың –
Мақтанышы ол – бір елдің.
Күмістейді тағасын,
Таралғы мен жүгенін.
Демеңіздер бұл қалай,
Күмісті де илеген…
Осы өнерді мұрадай
Зергерлерден үйренем!

Фариза Оңғарсынова

Орфографиялық Сөздік

шебер
зергер
зергерлік өнер

Тартады – жасайды.
Таралғы – атәбзелі.

3. Ақын сұрағына жауап бер.

4. Өлеңге сүйеніп, зергерлік өнер туралы айт.

5. Өлеңді тыңда.

Тобылғы

Саясында көде өскен,
Сайға біткен тобылғы.
Желге билеп белестен,
Ойға біткен тобылғы.

Ауылымның көп қырын
Бұтаң басқан тобылғы.
Хош иісті ақ гүлің
Жұпар шашқан тобылғы.

Күлім қағып ақ әжем
Күбі ыстаған тобылғы.
Таңғы самал ауамен
Тыныстаған тобылғы.

Мөлдір моншақ таң шығын
Тағып алған тобылғы.
Бабам өрген қамшының
Сабы болған тобылғы.

Бауыржан Жақып

Көде – шөптің аты.

6. Әйтеке бидің шешендік сөздерін жаттап ал.

Қайда өседі?

Қандай гүлдері бар?

Қалай пайдаланылады?

7. Зергерлік өнерге қатысты кесте бойынша сөйле.

8. Ғаламтордан немесе энциклопедиядан халқымыз тобылғы мен 
қамшыны неліктен қастерлегені туралы мәліметтер жинастыр.

×
×

Cart