ӨЗІМ ТУРАЛЫ

Мен туралы сен не айтасың?

1. Жаныңдағы досың туралы не айта аласың?

2. Мәтінді түсініп оқы.

Қонжық пен көжек

                (Ертегi)

  Бiрде қоянның көжегi енесiне келiп шағыныпты.
– Аюдың қонжығы менi «бадырақ көз» деп мазақтайды, – дейдi жыламсырап.
  Енесi:
– Одан басқа не дедi? – дейдi.
– «Қалқан құлақ, қыли көз!» – дейдi.
– Сен оған не деп едiң?
– Мен бе, мен… – дейдi көжек тұтығып, – ештеңе де айтқаным жоқ…
– Сен үндемей тұрғанда, өзi келiп тиiстi ме?
– Оны көрген кезде мен: «Қорбаңбай!» деп едiм…
– Көрдiң бе, әне! – деп ескертедi енесi. – Алдымен өзiң тиiсiпсiң ғой. Мазақтап ренжiткенсiң. Ол мазақтаса, ыза болып, арыз айтасың. Бұл – ұят емес пе?
  Сонда көжектiң басы салбырап, үнсiз қалыпты.

3. Мәтінге сүйеніп ауызша жауап бер.

4. Мәтіннен өзіңе қандай сабақ алдың?

5. Досыңның қандай қылығын ұнатасың? Несімен ұнамайды? Пікір білдір.

6. Мақтау сөздерден тұратын диалог құраңдар.

Атамұра

×
×

Cart