ӨЗІМ ТУРАЛЫ

Менің сүйікті ойыншықтарым

1. Ойыншықпен ойнағанды ұнатасың ба? Неліктен?

2. Өлеңді түсініп оқы. ​

Менің кемем

Кеме жасап, әуре болдым бірер күн,
Сосын оны өзенге әкеп жібердім.

Құстардың мен білемін не жейтінін,
Олар үшін салдым дәннің кей түрін.

Құрт та салдым балықтарға арнап мен,
Басқа сыйым бір-ақ сыймай қалды, әттең!

Аттандырдым жүк тиелген кемемді,
Балық, құсты қуантуға ол жөнелді.

Басқарар ем капитан боп төзімді,
Кемем бірақ көтермейді өзімді..

шыдамды.

Ертай Ашықбаев

3. Суретке қарап, өлеңді қарасөзбен әңгімеле.

4. «Кім боламын?» ойыны. Өскенде кім болғың келетінін қимылмен көрсетуге тырыс. Ойыншығыңды пайдалануға болады. Қарсы жұп шешуін тапсын.

5. «Менің сүйікті ойыншығым» тақырыбына әңгіме айтуға дайындал.

Мен … ойнағанды ұнатамын. Өйткені … . Өскенде … болғым келеді.

Атамұра

×
×

Cart