МЕНІҢ ОТБАСЫМ ЖӘНЕ ДОСТАРЫМ

Жеті атамды білемін

1. «Жеті» санын естігенде естеріңе не түседі?

2. Мәтінді түсініп оқы. ​

Ел танудың басы

  Әкем маған ататегіміздің аты-жөнін үйретуші еді.
– Мен Момыштың ұлымын.
– Момыш – кімнің баласы?
– Момыш – Имаштың баласы.
  Осылайша, жеті атаға дейін жетелеп отырып санатады.
  Ал келген қонақ, ең алдымен, атымды сұрайтын. Содан соң менің жеті ата жөніндегі білімімді тексеретін.
  Ел танудың басы, ең алдымен, осылай басталатынын ол кезде кім білген.

арғы аталары

Бауыржан Момышұлы

3. Мәтінді басқаша қалай атар едің? Нелікте

4. Мәтіннің ең соңғы сөйлемін қайталап оқы.
Жазушының ойын пайдаланып, нақыл сөз құрастыр.

«Ел тану» деген …

5. Бір-біріңмен ататектерің туралы сөйлесіңдер.

– Сен кімнің баласысың?
– Әкеңнің әкесі кім болған?
– Атаңның атасы ше?

6. Берілген ретпен жеті атаңды ата.

Алға қарай: ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене.

Кейінге қарай: бала, әке, ата, арғы ата (үлкен ата), баба, түп ата, тек ата.

7. Нақыл сөздерді дәптеріңе жазып алып,
мағынасын түсіндіріп айт.

  • Жеті атасын білмеген жетесіз.
  • Жеті атасын білген ұл
    Жеті жұрттың қамын жер.
  • Жігітке жеті өнер аз,
    Жетпіс өнер көп емес.

Атамұра

×
×

Cart