Катаклизм кезіндегі менің қауіпсіздігім

СЕН:
– қандай катаклизмдер болатынын есіңе түсіресің.
– катаклизмдер болған кезде не істеу керектігін үйренесің.

Есіңе түсір!

Сызбаны пайдалана отырып, сен тұратын аумақта қыста, көктемде, жаз бен күзде қандай катаклизмдер болуы мүмкін екенін айтып бер.

  Катаклизмдердің көпшілігі табиғи факторларға байланысты туындайды. Олардың көпшілігін алдын ала болжауға және күні бұрын дайындық жасауға болады. Су басуды сондай табиғат апаттарының санатына жатқызамыз.

Бақылау,
зерттеу

  Сөздіктен «су басу» ұғымына берілген анықтаманы тап. Су басудың себептері жайлы мәтінді оқы. Бұл себептердің қайсысы табиғи факторларға байланысты, қайсысы адамның іс-әрекетіне байланысты екенін айтып бер. Су басудың алдын алуға бола ма?

  Әдетте мұндай табиғат апатына жауын-шашынның мол түсуі себеп болады. Егер жауын суы жерге сіңіп немесе ағып үлгермесе, сол маңайдағы алқаптардың бәрі суастында қалады.
Кей жылдары көктемде күн ерте жылып кетеді. Міне, сондай кездерде қыс бойы түскен қар жаппай ериді. Егер де қар қалың болса, үлкен аумақты су басу қаупі туындайды.
Сондай кезде суқоймасы ернеуінен асуы мүмкін. Ондай жағдай алапат су тасқынына әкеліп соғады.

СУ БАСУ ҚАУПІ ТӨНГЕНДЕ ҚАУІПСІЗ ЖЕРГЕ КӨШУДЕН БАС
ТАРТПАҢДАР! ЕРЕЖЕНІ ЕСТЕ САҚТАҢДАР!

ЕГЕР су басу қаупі төнсе,ОНДА

•  Өзіңмен бірге тамақ, су, жылы киім, жарықтандырғыш құралы, сіріңке, медициналық қорап, құтқаратын шеңбер, жіп т.б. алу.

•  Жоғарғы қабатқа көтерілу немесе үйдің төбесіне шығу.

•  Құтқарушылар келгенше отырған жеріңде қалу.

•  Жалаудың, жарықтың көмегіне сүйеніп қай жерде қалғаныңды анықтайтын белгі беру.

Топтық жұмыс

Құтқарушылар келгенше отырған жеріңде қалу. Парталас көршіңмен бірге мына суреттерге қарай отырып, су басқан кезде және одан кейін не істеу керектігін талқылаңдар. Мұнда жағдайда өзіңді қалай ұстауға болады? Әңгімелеп бер.

Бақылау,
зерттеу

Табиғи катаклизмдер қаупі төнгенде сен үйден шығып кетуің керек делік. Мына суреттер бойынша өзіңнің не істейтініңді қарастыр.

ТЕЛЕДИДАР, РАДИОНЫ ҚОСЫП, ХАБАРЛАМАНЫ ТЫҢДА

СУДЫ, ГАЗДЫ, ЭЛЕКТРДІ ӨШІРІП, ПЕШТЕГІ ОТТЫ СӨНДІР

ТАМАҚ ПЕН СУДЫ ГЕРМЕТИКАЛЫҚ ЫДЫСҚА САЛ

ТӨМЕНГІ ҚАБАТТАҒЫ ЕСІК-ТЕРЕЗЕЛЕРДІ БЕКІТУ КЕРЕК

ЭВАКУАЦИЯЛЫҚ
ПУНКТКЕ БАР

ҚАЖЕТТІ ЗАТТАР МЕН ҚҰЖАТТАРДЫ АЛУДЫ ҰМЫТПА

ҚЫМБАТ ЗАТТАРДЫ ЖОҒАРҒЫ ҚАБАТҚА АПАР

•  Жазда табиғатқа демалуға шықтыңдар дейік. Ауа райы кенеттен бұзылып, жауын құя жөнелді. Құрған палаткалар су жиналатын жерде қалды. Бұл жағдайда не істер едіңдер?
•  Теледидардан көрші ауылды су басқаны жөнінде хабар берілді. Сен оларға көмекке келер ме едің? Ол қандай көмек болуы мүмкін?

Жұптық жұмыс

Біз табиғатты қорғаймыз!

  Біздің бабаларымыз табиғатты оның алапат қуатынан қорыққандықтан ғана қадірлеген жоқ. Олар оны күтпеген қаһарына қарамастан көбінесе мейірімді әрі жомарт болатындығы үшін жақсы көрген.

Жоспарлау,
жобалау

Әрқайсысымыз табиғаттың бір бөлшегі екенімізді білуге тиіспіз. Оған зиян келтіру арқылы біз өзімізге зиян келтіретінімізді ұмытпайық!

Есіңде сақта!

7 минут ішінде кіші жоба құрастыр.

  Зерттелетін зат: су басу – бұл стихиялық құбылыс.
Зерттеу нысаны: су басқан аймақ.
Болжам: өзін-өзі ұстау заңдылықтарын біле отырып, су басқан кезде адам өмірін сәтсіз жағдайлардан қорғау мүм- кіндігі.
Мақсаты: қауіптің болу жағдайын және су басу зардабын анықтау; осындай қауіп-қатер төнген сәттерде өзін-өзі қорғауға болатын жағдайларды анықтау.

×
×

Cart