Ей, перзентім, ата-ананы құрметтеуің қажет екенін ақыл-ой, парасат тұрғысынан байқап білгейсің. Өйткені әрбір перзенттің тегі – ата-ана ғой. «Не үшін ата-анама құрмет жасаймын?» деп ойыңа алма.
Ей, перзентім, ата-анаңды ешқашан ренжітуші болма… Олардың көңіл күйіне қаяу салып, қапаландырмағын.
Сені жан-тәнімен жақсы көріп, тәрбиелеп жүрген ата-анаңның көңілін қалдыратын құрттай іс жасасаң, сен ешбір жақсылыққа лайықты жан емессің. Өйткені кімде-кім ата-ананың жақсылығын білмесе, басқа біреудің жақсылығын да бағаламайды. Егер сен «Перзентім мені құрметтесін десең!», сен де ата-анаңды құрметте. Сен ата-анаңа не істесең, саған перзентің де соны жасайды. Перзент жеміске, ата-ана жеміс ағашына ұқсайды. Жеміс ағашын жақсы күтсең, жемісі де дәмді, жақсы болады. Сол сияқты ата-анаға деген ізет, құрметіңді аямасаң – саған деге олардың ізгі тілегі қабыл болғаны.