МЕНІҢ ОТБАСЫМ ЖӘНЕ ДОСТАРЫМ

Досыммен мақтанамын

1. Нақыл сөздердің жалғасын тап.

1. Күлме досыңа, … … .
2. Досы көпті жау алмайды,
    Ақылы көпті … … .

2. Мәтінді түсініп оқы.

Жанкүйер

  Екі самайынан тер моншақтары сорғалаған қара домалақ бала құйындай үйіріліп, қақпаға жақындай түсті. Соңғы шабуыл. Ең шешуші сәт.
– Ал-мас-с!
  Футбол алаңын қоршап тұрғандар шулап қоя берді. Жанкүйерлер сенімін қалай да ақтау керек. Намысқа тырысқан Алмас жанұшыра алға ұмтылды. Жолын кес-кестей алдынан шыққан ойыншыларға бөгелер емес. Бір қорғаушыны айналып өтті, екіншісін …, үшіншісін …, Әне – қарсыластар қақпасы. Алмас шірене оң аяғын сілтеп қалды.
– Го-о-л!
  Теңбіл доп тор ішінде бұлқынып жатты. Осы сәтті күтіп тұрғандай төреші ысқырды. Ойын аяқталды. Тұс-тұстан алаңға қарай лап қойған жанкүйерлер жүгіріп жеткен бойда Алмасты жерден тік көтеріп алды.

– Жарайсың, Алмас!
– Біз саған ризамыз!
  Бұл жеңіске денешынықтыру пәнінің мұғалімі Ғабит ағай елден ерекше қуанды.
– Біз бүгін досымызды әбден қыдыртамыз! – деді Әбен.
  Сол-ақ екен, оны қостаушылар көбейді.
– Дұрыс, бәріміз киноға барайық!
– Суретке түсейік!
– Ең қызығы, чемпионды балмұздаққа бір тойдырайық!
  Достары озат футболшы үшін ештеңесін аяр емес. Қалталарындағы соңғы ақшаларын жинастырып, ортаға салды.

Әлібек Файзуллаев

3. Алмастың жанкүйерлерін ата? Мәтіннен олардың
сөздерін тауып, ырғағына келтіре оқы.

4. Нағыз достық дегенді қалай түсінесің? Ойыңды
мәтіндегі оқиғаға қатысты жүйелеп айт.

5. Футболдан өзің жанкүйер болатын командаларың бар ма? Әңгімеле.

6. Мәтіннен суреттегі оқиғаға сай тұсты тауып, сахналап көріңдер.

Атамұра

×
×

Cart