МЕНІҢ МЕКТЕБІМ

Ақылшым – мұғалім

1. Көп нүктенiң орнына қажеттi сөздердi қойып, мақал-мәтелдердi дұрыс оқы. Жұмбақ сөздермен торкөздердi толтыр.
Көкшіл жолақты торкөздегi сөздi дауыстап оқы.

1. Оқу – бiлiм …
2. Қына тасқа бiтедi,
    Бiлiм … бiтедi.
3. … өнерi бiлiнбес
    Бәйгеге түсiп жарыспай.
4. … – тозбайтын тон,
    Бiлiм – таусылмайтын кен.
5. Оқу инемен құдық …

2. Берілген мақал-мәтелдерге ортақ тақырып ойлап тап.

  Осы ортақ тақырып пен ұстаз сөзiнiң арасында байланыс бар ма? Болса, дәлелде.

3. Өлеңді түсініп оқы.

Ақылшым – мұғалім

Сәбилік көңілден
Арналды бұл әнім.
Баулитын өмірге
Ақылшым – мұғалім.

Тіліңді аламын,
Айтқанды ұғамын.
Мен сендей боламын,
Ақылшым – мұғалім.

Арқаңда өзіңнің
Адам боп шығамын.
Бәрі алтын сөзіңнің,
Ақылшым – мұғалім..

Әнуарбек
Дүйсенбиев
(1931 жылы
туған)

4. Өлеңнің авторын ата. Сызбаға сүйеніп әңгімеле.

5. Өлеңді әуенімен жатқа айтып үйрен.

6. Сурет бойынша әңгіме құрастыр.

  Ү л г і : Менің ұстазым… Ол бізге … түсіндіреді, … айтады. Әрқашан … киінеді. Ұстаздың сөзін … тыңдаймыз.

Атамұра

×
×

Cart