МЕНІҢ МЕКТЕБІМ

Менің сыныптастарым

1. Сыныптасың туралы не білесің? Кластер құрастыр.

2. Сенің сыныбыңда сыбырлақ оқушы бар ма? Түсініп оқы.

Сыбырлақ

Бір бала бар сыбырлақ,
Аузы-мұрны жыбырлап,
Әсте тыным таппайды,
Құлағыңа сыбырлап.

Өзі де түк ұқпайды
Отырғанда дыбырлап.
Тыңдатпайды басқаға,
Шыға қалса тақтаға.

Аузын ашып қымыңдап,
Түк айта алмай ыңылдап,
Қалды дей бер «Сыбырлақ»,
Бостан-босқа жыбырлап..

Асқар
Тоқмағамбетов
(1905-1983)

3. Сызбаға сүйеніп автор туралы әңгімеле.

4. Сыбырлақ балаға мұндай жаман әдеттен аулақ болу
үшін қандай кеңес берер едің?

Атамұра

×
×

Cart