Қазақтың бас ақыны

Сұрақ қоясың және жауап бересің.

1. Түсініп оқы. Берілген үлгі бойынша жауап бер.

  Қазақтың бас ақыны – Абай (шын аты – Ибраһим) Құнанбаев. Одан асқан біз білетін ақын болған жоқ.
  Сөздің шырайлы, ажарлы болуына ойдың шеберлігі керек.
  Ұнамды, орынды болуына шыншылдық керек.
  Мағыналы, маңызды болуына білім керек.
  Абайда осы үшеуі де болған.

Ахмет Байтұрсынұлы

2. Мәтінді түсініп оқы.

Бала Абай

  Биыл Абайдың жасы он үшке толған еді. Бойы өскен. Қол-аяғы ұзарған.
  Ол атқа мініп жүруге жарағанымен, үйден көп шық- пайды. Өзге балалардан гөрі, басқа бір ермек, бөлек бір дос тапты. Онысы – әжесі. Одан қала берсе, шешесі.
  Абай биыл ғана анық байқағандай. Мұның әжесі біртүрлі әңгімеші екен. Қызық сөйлейді. Әңгімесін дәмді ғып, қызықтырып айтады. Бірде Абай сырқаттанып жатып, әжесінен әңгіме айтуын сұраған. Сонда әжесі ойланып отырып:
  – E-е… Бұлдыр-бұлдыр күн өткен. Бұрынғыда кім өткен… – деп, кішкене тақпақтап бастап еді. Абай соны ұғып қалыпты, келесі жолы әңгіме сұрағанда әжесінің тізесінен ақырын қағып:
  – E-е… Бұлдыр-бұлдыр күн өткен. Бұрынғыда кім өткен… – деп, тағы да әңгіме тілегенін білдіруші еді.
  Әжесі әуелде көп-көп ертегілер айтқан. Абай қажымай, жалықпай, ылғи ынтыға тыңдайтын. Кейде әжесі шаршап, айтпай қойса, шешесіне жабысатын. Ұлжан да көп әңгіме білуші еді және ол көбінесе өлең сөзді жиі айтатын…

Мұхтар Әуезов

Орфографиялық Сөздік

ұлы ақын
аудармашы
«Абай жолы»

3. Түсініп оқы, мәтіннің авторы туралы әңгімеле.

Мұхтар Әуезов – жазушы, ғалым

  Мұхтар Әуезов (1897–1961) қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында туған. Балаларға арнап «Көксерек» және т.б. шығармалар жазған.

  Мұхтар Әуезов Абай туралы «Абай жолы» роман-эпопеясын жазған. Онда Абайдың бүкіл өмір жолы: балалық, ересек шағы, шығармашылығы, сол кездегі қазақтың тұрмысы баяндалған.
  М. Әуезов Абай туралы: «…Қазақ халқына халықтығын жоғалтпайтын өшпес белгі орнатты», – деп жазды.

4. Абайдың аналарының аттарын тауып жаз.

Әжесінің аты –
Шешесінің аты –

5. Суретке зер сал. Сұраққа жауап беріп, тапсырманы орында.

• Суретте кімдер бейнеленген деп ойлайсың?
• Мәтінге сүйеніп, әжесі мен Абай арасында диалог құрастыр.

6. Мәтін бойынша берілген сұрақтарға жауап беріп, сөзжұмбақты шеш.

  1. Мәтін қалай аталады? Бала …
  2. … Абайдың жасы он үшке толған еді.
  3. Абайдың әжесі әңгімесін қалай бастап еді?
  4. Абай қайдан көп шықпайтын болды?
  5. Абайға әңгімені кім көп айтушы еді?
  6. Биыл әсіресе Абайдың … өскен.
  7. Абайдың шешесінің есімі кім?
  8. Абай әжесінің әңгімесін қалай тыңдайтын?

7. Сөзжұмбақтың жасыл түсті торкөздеріндегі сөз тіркесін дауыстап оқы. «Абай жолын» кім жазған?

×
×

Cart