МЕНІҢ ТУҒАН ӨЛКЕМ

Қазақ тілім – анам тілі – өз тілім

1. «Мен оның қасиетті тілін сүйем ...», – деп жырлаған ақынды ата.
Ақынның қасиетті тіл деп  отырғаны қай тіл?

2. Өлеңді түсініп оқы.

Туған тілім

Туған тілім – бабам тілі – өз тілім!
Туған тілім – анам тілі – өз тілім!
Туған тілім – далам тілі – өз тілім!
Туған тілім – адам тілі – өз тілім!

Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар!

Дихан Әбілев
(1907-2003)

3. Өлеңнің авторын ата. Сызбаны пайдаланып әңгімеле.

4. Ақынның туған тіл деп отырғаны қай тіл?

5. Өлеңдегі туған тіл деген тіркестің орнына қазақ тілі
деген сөзді қойып, мәнерлеп оқы.

6. Өлеңді жаттап ал.

7. Толықтырып көр.

Атамұра

×
×

Cart