МЕНІҢ ТУҒАН ӨЛКЕМ

Алматы мен Астанаға қарашы

1. Ребустарды шеш.

2. Өлеңді түсініп оқы.

Астана

Бәйтеректің басына сен шықтың ба?
Сарыарқаның саф ауасын жұттың ба?
Өзегіңді жарып аппақ бір сезім,
Өз еліңнің ұлылығын ұқтың ба?

Төгеді Есіл төңірегіне өмірлі ән,
Өз Астанаң өз қолыңмен соғылған.
Енді, қазақ, бір-біріңді аяла!
Түбі бірге, түп қазыққа шоғырлан!

Алатауда қалды жылдар ең асыл,
Есілдің де қандай ыстық жағасы.
Жан даламның –
Алматы мен Астана
Көздерінің ағы мен қарасы!

Күләш Ахметова

3. Өлеңнің авторын ата. Сызбаны пайдаланып әңгімеле.

4. «Шынжыр» ойыны. Өлеңдегі ақын ойын сызбаға түсір. Өзің жалғастырып көр.

5. Алматы мен Астананың басты белгісі ретінде қандай сурет салар едің? Неліктен?

6. Суретке зер сал. Сурет бойынша әңгіме құрастыр.

Бәйтеректің басына сен шықтың ба?

Атамұра

×
×

Cart