МЕНІҢ ТУҒАН ӨЛКЕМ

Ұланымыз ұлы елдің

1. Туған өлкеңді көркейту үшін не істер едің?

2. Өлеңді түсініп оқы.

Ұланымыз ұлы елдің

Әуеге асқақтаған өлеңіміз,
Бақытты байтақ елдің бөбегіміз.
Жорыққа тауларына жиі шықсақ –
Сол таудай асқақ болсақ дегеніміз.

Жарысып ойнап желменен,
Биікке талмай өрлеген,
Бағыттан тайып көрмеген,
Қашаннан қайсар ұланбыз.

Көңілін қиял кернеген,
Өмірін шаттық тербеген,
Ертеңге қанат сермеген,
Қашаннан қайсар ұланбыз.

Ұлы елдің әлпештеген ұланымыз,
Сол елге лайық болу – ұранымыз.
Сайларда сыңғыр қағып ағатұғын
Сарқылмас сан дауысты бұлағымыз.

Құлпырған еліміздің ұл-қызымыз,
Әзірге маңдайдағы құндызымыз.
Арасын жер мен көктің жалғайтұғын
Ертеңі жарқыраған жұлдызымыз.

Қастек Баянбай

3. Өлеңнің авторын ата. Сызбаны пайдаланып әңгімеле.

4. Автор өлеңдегі ойды кімнің атынан беріп отыр?

5. «Сарқылмас бұлағымыз», «маңдайдағы құндызымыз», «жарқыраған жұлдызымыз» дегендердің мағынасын мұғалімнің көмегімен түсініп ал.

6. Ақынның көңіл күйін білдіретін дауыс ырғағын таңдап,
өлеңді әуенмен айтып көр.

Атамұра

×
×

Cart