Батыр ата

Кейіпкердің іс-әрекетін бағалайсың.

1. Ұлы Отан соғысына қатысты ерлік туралы сөздерді дұрыс, түсініп оқы. Жаттап ал.

  • Батыл болмай, батыр болмайсың.
  • Өжет адам өлімді жеңеді.
  • Тәуекелшіл тайынбайды.
  • Ерлік пен бірлік жеңіске жеткізеді.
  • Қорқақ қол бастамайды.

2. Әңгімені түсініп оқы.

Батырдың мінезі

  – Шайқас кезінде жауынгерлерге жігер беретін ең күшті жебеуші нәрсе не, Бауке? – деп сурадым батырдан.
  – Командирдің жекебасының қайраты, – деді Баукең.
  – Осыған байланысты ез майдан жолыңыздан бір әңгіме айтып берініаші, Бауке.
  – Немене, мактануым керек пе?
  – Жоқ, болған оқиғаны айтып беруіңізді сұраймын.
  – Тында, ендеше… Бір жолы біздің батальон қалың орманға қарай бет алды. Орманға жүз елу-екі жүз метрдей таянып қалдық. Оқ бойы алдымызда бара жатқан екі шолғыншы жауынгердің біреуі көмілген минаға ұрынып, аспанға ұшты. Екінші шолғыншы да алға қарай бір екі аттап қалғанда, минаға соғылды. Бөріміз де тоқтай қалдық. Мина көмілген алаңға киліккенімізді түсіндік. Енді ілгері жүру қауіпті. Бірақ кейін шегінуімізге болмайды. Қайткенде де орманға кіруіміз керек. Бекініс жасар жер алдымызда. Жауынгерлеріме қарадым. Бәрі тым-тырыс. Аяқтарын бір қадам ілгері аттап басуға ешбіреуінің де батылдары жетпей тұрғанын өндерінен таныдым. Енді не амал табуым керек?
  Менің астыма мінген атым бар болатын. Тәуекелге бел байладым да, атпен алға тура жүріп кеттім. Орманра жеткен соң бұрылып, кейін қалырылдым. Осылай ерсілі-қарсылы екі рет жүріп өтіп, із салдым. Сонан соң жауынгерлерге:
  – Еріндер соңымнан! Бір ғана қатармен, біріңнің артыңнан бірің менің ізіммен түп-тура жүріп отырындар! – деп бұйрық бердім.
  Қозғалып кеттік. Орманға жеткенше еш жағыма бұрылып қарағаным жоқ. Екі көзім тек алда болды. Соңымнан жігіттердің көздерін менен айырмай, аяқтарын батыл басып келе жатқандарын ішімнен сезіндім.
Қауіпті зонадан бәріміз аман өттік.
  – Мина көмілген жерді кесіп жүріп келе жатқаныңызда қатерге ұшырармын деп кауіптенбедіңіз бе?
  – Тәуекелге бел буған адамды қорқыныш билемейді.
  – Соғыста ең қауіпті нәрсе не?
  – Паника. Қазақшалап айтқанда – үрей.

Нығмет Ғабдуллин

Орфографиялық Сөздік

батыр
тәуекел

3. Түсініп оқы, мәтіннің авторы туралы әңгімеле.

Нығмет Ғабдуллин - жазушы, ғалым

  Нығмет Ғабдуллин (1927-2005) Ақмола облысы Атбасар ауданы Шұңқыркөл ауылында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысының батыры Бауыржан Момышұлы туралы әңгіме жазған.

4. Мәтіндегі оқиға кімдердің арасында құрылған?

5. Мәтіннен нақыл сөзді тауып, дептерге жаз.

6. 1-тапсырмада берілген нақыл сөздердің мәтінге қатысын айт. Кімге қатысты? Неліктен?

7. Осы нақыл сөздердегі жеке сөздерді пайдаланып, Бауыржан Момышұлын сипатта. 
 Мысалы: Бауыржан Момышұлы – тәуекелшіл …

8. Осы әңгiме бойынша қандай сурет салар едiң?

×
×

Cart