Пулемётші батыр қыз

Батырдың портретін көркемсөзбен сомдайсың.

1. Түсiнiп оқы және дәптерiңе жазып ал.

Мәншүк Мәметова – пулёметшi, батыр қыз. Ол Ұлы Отан соғысына қатысқан.

2. Белгiлi ақын Сәду Машақовтың Мәншүк туралы өлеңiн түсiнiп, дұрыс оқы. 
Шапшаң және мәнерлеп оқуға жаттық.

Мәншүк Мәметова

                    Мәншүк

Сiлкiнтiп зеңбiректер жердiң жүзiн,
Оқ борап, снарядтар қаққанда ызың,
Қаптаған қалың жаудан тайсалмаған
Мен көрдiм пилоткалы қазақ қызын.

Қолында пулемётi «Максим» оның,
Бойында күш-жiгерi тасқын оның.
Ерлермен тiзе қосып шабуылда,
Оғымен қырғын майдан ашты жолын.

Көзiнен ұшқын өрттей лапылдаған,
Жауына қаһар тiгiп қатуланған.
Отан үшiн шайқасқан ауыр күнде,
Төнсе де өлiм қаупi, жасымаған.

Сәду Машақов

Орфографиялық Сөздік

батыр қыз
пулемётші
батырдың портреті

Қаһар – ашу, ыза.
Қатуланған – ашуланған, кектенген.
Жасымаған – көңiлi босамаған, әлсiздiк көрсетпеген.
Қауiп – қорқыныш, қатер.

3. Қызу ұрыстың жүрiп жатқанын өлеңнiң қай жолдарынан байқадың?

4. Мәншүктiң пулемётшi екенiн неден аңғардың?

5. Сөз-сандықта белгiленген сөздердi оқы. Сөздердi өлеңнен тап.

6. Ақын сөздерiн пайдаланып, Мәншүктi сипаттап жаз.

7. Өлеңдi жаттап ал.

×
×

Cart