Өзеннің пайдасы

Ойыңды көркемсөзді қолдана отырып жеткізесің.

1. Суретке қара. Сұрақтарға жауап бер.

• Суретте не бейнеленген?
• Таза ауа, мөлдір судың адамға қандай пайдасы бар?
• Сурет саған қалай әсер етті?

2. Түсініп оқы.

 Өзен

Таулардан өзен ағар сарқыраған,
Айнадай сәуле берiп жарқыраған.
Жел соқса, ыстық соқса бiр қалыпта,
Аралап тау мен тасты арқыраған.

Көңiлiң суын iшсең ашылады,
Денеңнен бар дертiңдi қашырады.
Өксiген, оттай жанған жануарлар,
Өзеннен рақат тауып басылады.
Қынарда тiлсiз тұрған тоғайлары
Шуылдап желмен бiрге бас ұрады…

Он мың мал айдап өтсең, лай қалмайды,
Тасыса, су бармаған сай қалмайды.
Тасыған өзен судың қуатымен
Көк шалғын, шөп бiтпеген жай қалмайды.

Ел қыстап, күн көредi жанабында,
Дәм болар алуан-алуан балығында…
Тас таста, алтын таста сынамаққа,
Сонда да аққан өзен қалыбында.

Ыбырай Алтынсарин

Орфографиялық Сөздік

өзен
сарқыраған өзен
тасыған өзен

Қынарда – жағасында.
Жанабында – маңайында.

3. Семантикалық картаны толтыр (+).

4. Адамдар неліктен суды құрметтейді? Ол туралы өлеңнің қай жолдарында айтылған?

5. Кестедегі көркемсөзді пайдаланып, өлеңді қарасөзбен әңгімеле.

6. Өлеңге сүйеніп, өзеннің пайдасы туралы мәтін құрастыр. Ақын қолданған көркемсөзді пайдалан.

×
×

Cart