1. Жаңбырға қатысты 5 сөз ойластырыңдар.
2. Мәтінді тыңда.
Жаңбыр жауды себелеп,Жасырынды көбелек.Аспан кетті күркіреп,Бұл не деген керемет?!
Тау мүлгіді жаңғырған,Қорыққандай жаңбырдан.Бара жатыр қара бұлт,Көк аспанда қаңғырған.
Бұлттан түсті моншақтар,Гүлге қонған мол шықтар.Алақайлап жүгірдік,Қандай қызық сол шақтар!
Нұрсұлтан Әлімқұлов
Орфографиялық Сөздік
жаңбырнөсер
Іркес-тіркес ығысқанБұлттар үлкен аймақты ап,Шыға келді шығыстанАқ тайлақтай ойнақтап.
Түйіліп кеп қабағы,Қаптап алды аспанды.Сатырлатып даланыАппақ нөсер басталды.
Үй үстінен аунады,Тамшы жерге секірді.Менің апам ауланыЖуып жүрген секілді.
Су дегенің шүмектеп,Сорғалайды тамшылап.Шыбық атты біз ерттеп,Шауып кеттік қамшылап.
Шаңын жуды лездеДіріл қаққан жапырақ.Ойдым жерде бір кездеКөлшік тұрды жалтырап.
Адырбек Сопыбеков
3. Екі өлеңді салыстыр. Өлең жолдарын тауып оқы.
4. Өлең жолдарын қарасөзге айналдырып жаз.
5. Құраған сөйлемдерді пайдаланып, «Жаңбыр жауды» атты мәтін құрастыр.
Cart