1. Түсініп оқы. Пікір білдір.
Халықтың кемеліне келіп өркендеуі үшін, ең алдымен, азаттық пен білім керек.
2. Сабақтың атауына мән бер. Бұл қандай күн? Ой бөліс.
3. Өлеңді түсініп оқы.
Бостандық таңы атты,Қазағым, көрiңдер.Арға ие басшыныңСоңынан ерiңдер.
Таң артынан ақиқатКүн шығады,Ерiншек, жалқаулықӘдеттен безiңдер.
Арамдық, араздыТүбiмен жойыңдар.Өтiрiк, өсектiБiржола қойыңдар.
Намыс, жiгер,Бойыңа жиып қайрат,Қажымай адалдықЖағында болыңдар.
Бiрлiк пен талаптыЕңбекке салыңдар,Өнерлi елдерденӨнеге алыңдар.
Шәкәрiм Құдайбердiұлы
Орфографиялық Сөздік
Тәуелсіздік
4. Ақын тәуелсiз елдiң балалары қандай болуы керек дейдi?
5. Нелерден аулақ бол дейдi?
6. Өлеңдегi жақсы-жаман әдеттердi екi бағанға бөлiп жаз, сөздерден үш сөйлем құра.
7. Тәуелсіз Қазақстанның болашағын қалай елестетесің? Ой бөліс.
Cart