Наурыз келді!

Ақынға еліктеп, көркем сөйлейсің.

1. Сурет бойынша ой бөліс.

Наурызкөже

2. Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқы.

Наурыз келді!

Наурыз келді!
Қара жер семіріп,
Бөгіп жатыр.
Төрт түлік малым
Даламның
Көлдей етегін толтырып,
Төлдерін төгіп жатыр.
Өрісім у-шу болып,
Көңілімді қозғап тұр.

Қошақандарым
Сыбызғыдай ән салып,
Құлыншақтарым
Күміс қоңыраудай жар салып,
Ботақандарым
Иір мойынды қобыздай
Боздап тұр.

Темірхан Медетбек

Орфографиялық Сөздік

Наурыз
Наурыз келді
қошақан
құлыншақ
ботақан

3. Түсініп оқы, өлеңнің авторы туралы әңгімеле.

Темірхан Медетбек – ақын, аудармашы

  Темірхан Медетбек 1945 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан маңындағы Амангелді ауылында туған. «Наурыз келді» және т.б. жинақтардың авторы.

4. Ақын ойын өз сөзіңмен түсіндіріп көр.

5. Суреттегі заттар туралы өлеңнің қай жолдарында айтылған? Тауып оқы.

6. Ақын сөздерін пайдаланып, сөйлем құрап жаз.

  1-шумақ бойынша 1 сөйлем.
  2-шумақ бойынша 3 сөйлем.
  3-шумақ бойынша 2 сөйлем.

  Үлгі: Әжем саба толы қымызды пісіп жатыр.

7. «Наурыз келді» деген тақырыпта мәтін құрастыр. Жазған сөйлемдеріңді пайдалан.

×
×

Cart