Жыл бойы өткенді қайталау

1. Өмірде болған адам туралы айтылатын шығарманың түрін белгіле.

1. Аңыз
2. Ертегі
3. Жұмбақ
4. Шешендік сөз
5. Мысал

Орфографиялық Сөздік

аңыз
ертегі
мысал
әңгіме
портрет
эпитет

2. «Қанжарменен қармасып,
  Семсерменен серместі.
      Сөйтіп, ойын ойнасты», –
деген жолдары бар жыр қалай аталады?

  1. Төрт түлік жырлары
  2. Наурыз жыры
  3. Батырлар жыры
  4. Бесік жыры
  5. Тұрмыс-салт жырлары

3. Тәуелсіздік мерекесіне қажетті шығармаларды таңда.

  1. Ә. Дүйсенбиев. «Ардақты ана»; Б. Майлин. «Айт күндері».
  2. Ш. Құдайбердіұлы. «Бостандық таңы атты»; Ж. Жақыпбаев. «Бейбітшілік болса».
  3. Т. Медетбек. «Наурыз келді»; Қ. Жұмағалиев. «Жеңіс күні».
  4. С. Торайғыров. «Айт»; Ә. Шынбатыров. «Қуаныш».
  5. С. Торайғыров. «Сүйемін»; Ә. Дүйсенбиев. «Ардақты ана».

4. «Қарлығаш әулие» атанған кім?

  1. Төле би
  2. Қазыбек би
  3. Әйтеке би
  4. Әнет баба
  5. Сырым шешен

5. Төле бидің нақыл сөзін аяқта: «Халқыңа адал бол, жауыңа қатал бол, …» .

1. Ұзатылған қыз
2. Еритін мұз
3. Артта қалған біз
4. Сыйласқан сіз бен біз
5. Досыңа адал бол!

Орфографиялық Сөздік

композиция
негізгі ой
шығарманың жоспары
кейіпкер
тіл мерекесі
қасиетті тіл

6. «Осы жұмыс ырғағы,
Білезік пен алқаны,
Сақинаны, сырғаны
Күміс сымнан тартады», –
деп келетін өлең жолдарында қандай өнер туралы айтылған?

  1. Сөз өнері
  2. Ән өнері
  3. Зергерлік
  4. Шешендік
  5. Сәулет өнері

7. Көп нүктенің орнына тиісті сөз тіркесін қой:
«Көңіліміздің күйін сөз арқылы жақсылап айта білсек, сол … … болады». (А. Байтұрсынұлы)

  1. Ән өнері
  2. Сөз өнері
  3. Би өнері
  4. Сурет өнері
  5. Сәулет өнері

8. «Маса», «Қырық мысал», «Тіл – құрал» еңбектерін жазған кім?

  1. Ш. Құдайбердіұлы
  2. М. Жұмабаев
  3. М. Дулатұлы
  4. А. Байтұрсынұлы
  5. Ж. Аймауытов

9.«Қазақтың ұлы ақыны, аудармашы. Жалпы саны 45 қарасөзі бар» деген жолдар кімге қатысты айтылған?

  1. Ы. Алтынсаринге
  2. А. Құнанбаевқа
  3. С. Торайғыровқа
  4. А. Байтұрсынұлына
  5. Ж. Аймауытовқа

10. «Ақын, аудармашы, драматург. «Құлагер» шығармасын жазған» деген жолдар кімге қатысты?

  1. Төрт түлік жырлары
  2. Наурыз жыры
  3. Батырлар жыры
  4. Бесік жыры
  5. Тұрмыс-салт жырлары

11. Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым. Осы сөздер қай шығарманы есіңе түсіреді?

  1. А. Құнанбаев. «Ғылымға көңіл бөлсеңіз».
  2. Ы. Алтынсарин. «Өнер-білім бар жұрттар».
  3. А. Байтұрсынұлы. «Оқуға шақыру».
  4. І. Жансүгіров. «Күн шыққанда».
  5. Ш. Құдайбердіұлы. «Адамдық – борышың».

12. «Бір сөзбен айтсам: өзін жазатын жазушымын. Мінез-құлық
жағынан Қожа өзге емес, өзіме ұқсайды». Кім туралы?

  1. С. Бегалин
  2. М. Иманжанов
  3. Ө. Тұрманжанов
  4. Б. Соқпақбаев
  5. Т. Молдағалиев

13. Кішіпейіл болу туралы қай мақалда айтылған?

  1. Әдепті бала – арлы бала.
  2. Өтірік өрге баспайды.
  3. Ұрлық, ұрлық түбі – қорлық.
  4. Ақыл азбайды, білім тозбайды.
  5. Адамдықтың белгісі – иіліп сәлем бергені.

14. Батырлық, қаһармандық, ерлік істер мадақталатын халық шығармасын ата.

  1. Тұрмыс-салт жырлары
  2. Бесік жыры
  3. Өтірік өлеңдер
  4. Батырлар жыры
  5. Бата

15. Көбіне құрметті ақсақалдар, атақты адамдар айтатын тілек білдірудің ұлттық дәстүрі.

  1. Тұрмыс-салт жырлары
  2. Бесік жыры
  3. Өтірік өлеңдер
  4. Батырлар жыры
  5. Бата

16. Ұйқасы 𐄂, 𐄂, ○, 𐄂 сызбаға құрылған өлең жолдарын тап.

1. Көтеріле аспандай,
    Көкте сұрша бұлт көшіп.

2. Қымбатты қаламыз,
    Сымбатты қаламыз.
    Қызыға қараңыз,
    Туған үй санаңыз.

3. Шаршы топпен жалғасып,
    Күмбірлетіп күй салсақ.
    Он пернені дәл басып,
    Ойнақтаған он саусақ.

4. Ерлік пенен жыр егіз,
    Оны жастан білеміз.
    Біз Тоқтардың есімін
    Ту ғып ұстап жүреміз.

5. Шырт ұйқыда жатқанда
    Шырылдайды торғайым.
    Ұйқыны ашты, оятты.

17. Ертегіні белгіле.

  1. Алтын мүйізді киік
  2. Алмастың ағашы
  3. Шегіртке мен құмырсқа
  4. Қобыланды батыр
  5. Бесік жыры

18. Сарғылт тартып жапырақ,
Алма піскен албырап,
Шөптер қурап қалған.
Қай жыл мезгілі суреттелген?

  1. Төрт түлік жырлары
  2. Наурыз жыры
  3. Батырлар жыры
  4. Бесік жыры
  5. Тұрмыс-салт жырлары

19. « – Айтсын. Жақсылығы бірге болсын!». Қандай мерекеде айтылады?

  1. Жаңа жыл
  2. Айт күндері
  3. Жеңіс күні
  4. Аналар күні
  5. Тәуелсіздік күні

20. Мөлдір, тұнық, ағады, ішеді, тазалайды. Нені сипаттайтын сөздер?

  1. Ауа
  2. Жер
  3. Су
  4. Орман
  5. Тау

×
×

Cart