Музыка және уақыт

1-тапсырма. Ақпарат іздеу.

• Берілген суреттерге қарап, уақыт өлшемдерін ата.
• Мына торкөздердің ішінен ең қысқа және ең ұзақ уақыт өлшемдерін көрсет.
• Қалай ойлайсың, музыка арқылы уақытты көрсетуге бола ма?

2-тапсырма. Музыка тыңдау және талдау.

Время, вперед! (Уақыт, алға!)

Музыкасын жазған: Г. Свиридов

• Композитор Г. Свиридовтың «Время, вперед!» («Уақыт, алға!») атты оркестрге арналған сюитасын тыңда.
• Тыңдаған шығармада музыка уақыт жылдамдығын қалай көрсеткен (жай, тез, өте тез)?
• Музыка сен де қандай көңіл күй тудырды? Алған әсеріңмен бөліс.
• Суретке қарап, уақыт жылдамдығына байланысты әңгіме құра.

   Композитор Г. Свиридовтың музыкасы – мәңгі тоқтамайтын уақытқа арнайы жазылған шығарма. Қандайда бір тақырыпқа арнайы жазылған музыканы бағдарламалық музыка деп атайды.

3-тапсырма. Орындау.

Сырлы сағат

Өлеңін жазған: А. Рахметов
Әнін жазған: Т. Тоқжанов

1. Сағат тілі сыртылдап,
Уақыт зырлап барады.
Білім іздеп ұмтылмақ,
Оқу – өмір талабы.

Қайырмасы:
Бала болу зерделі
Жарасады тек бізге.
Өнерлі бол, келбері,
Босқа уақыт өткізбе .
Сырт-сырт-сырт, сыртылдап,
Сағат жылжып барады.
Сырт-сырт-сырт, сыртылдап,
Уақыт өтіп барады.

2. Лүпілдеген сағаттай,
Жүрегімді тыңдашы.
Өсіп үлкен ағаштай,
Болам елдің тұлғасы.

Қайырмасы:
Бала болу зерделі
Жарасады тек бізге.
Өнерлі бол, келбері,
Босқа уақыт өткізбе .
Сырт-сырт-сырт, сыртылдап,
Сағат жылжып барады.
Сырт-сырт-сырт, сыртылдап,
Уақыт өтіп барады.

• Әнді мәнерлеп орында.
• Сағат қозғалысын бейнелейтін әуенді тап.

4-тапсырма. Зерттеу.

   Уақыт өлшемі сияқты музыканың өз өлшемі болады. Сен орындаған «Сырлы сағат» әнінің өлшемі – 24 . Бұл өлшем бір тактының ішіндегі ұзақтықтың екі төрттік нотаға (1-еу, 2-еу) саналатынын көрсетеді. Егер өлшем 34 болса, онда бір тактының ішіндегі ұзақтықтың 3 төрттік нотаға (1-еу, 2-еу, 3-еу) саналатынын көрсетеді. Мұғаліммен бірге 24 34 өлшемдерін оң қолыңмен сермеп көрсет.

Үлгіге қара:

24 өлшемі  

34 өлшемі

5-тапсырма. Суырыпсалма.

Сағат тілі

(суырыпсалма ойын)

   Ойынның шарты: Сағат сыртылын берілген нотаға қарап, екі дауыста орындаңдар. Орталарыңнан дирижёр сайлаңдар. Дирижёр 2/4 өлшеміне сәйкес екпінді баяулатуына да, тездетуіне де болады.

6-тапсырма. Таныстыру және бағалау.

• Өз орындауларыңды таныстыр және бағала.

×
×

Cart