Жер бетіндегі климат неге тәуелді?

– климат дегеннің не екенін;
– климаттың қандай түрлері болатынын білесің.
– түрлі климаттық белдеулердің өзіне тән ерекшелігін анықтауды үйренесің.

Екінші сыныпта сен ауа райы туралы білдің. Алда болатын ауа райын болжау не үшін қажет?

  Ауа райы жыл мезгілімен және табиғат жағдайымен байланысты. Мысалы, қиыр солтүстіктің қысы қатаң, жазы салқын. Оңтүстіктің шөл даласында қыста да, жазда да жоғары температура сақталады. Осындай жыл бойына жүйелі қайталанатын ауа райының ауысуын климат деп атайды. Ғалымдар ғаламшарымызда бірнеше климаттық белдеу- лердің бар екенін дәлелдеді. Олардың әрқайсысы өзіне тән Жер бедерімен, ауа райының ерекшелігімен, өсімдіктер мен жануарлар әлемінің өзгешелігімен сипатталады.

Дүниежүзінің климат картасына мұқият қара. Климаттық белдеулердің орналасуын біліп ал. Климаттық зоналарды не себепті белдеулер деп атайды?

Полюс деген не? Жер бетінде қандай полюстер бар? Жер бетінің солтүстік және оңтүстік полюстерін картадан көрсет.

  Полярлық климат солтүстік және оңтүстік полюстерге тән. Бұл жерлердің жазы қысқа. Ал полюстің ортасына жақын тұстарын мәңгілік мұздық басқан.

Полярлық белдеудің өсімдіктері мен жануарлары туралы әңгімелеп бер.

солтүстік бұғысы

ақ аю

ақ түлкі

қасқыр

  Қазақстан аумағы қоңыржай климаттық белдеуде орналасқан. Бұл белдеуде жылдың төрт мезгілі – жаз, күз, қыс, көктем айқын білінеді. Сондықтан қоңыржай климаттық белдеудің өсімдіктер мен жануарлар дүниесі әр алуан.

Суреттерге қара. Қоңыржай климаттық белдеуде қандай жануарлар кездесетінін анықта.

  Тропиктік және экваторлық климаттың ерекшелігі оның қысы жылы, жазы ыстық болады. Жауын-шашынның түсу мөлшері олардың теңізден алыс-жақындығына байланысты. Бұл климаттық белдеудің жануарлары да жергілікті табиғат жағдайына бейімделген.

Экваторлық және тропиктік белдеу деген не?a

×
×

Cart