ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАБИҒАТЫ

  Біз Қазақстанда өмір сүреміз. Қазақстан – біздің Отанымыз. Алайда әрқайсысымыздың туып-өскен, балалық шағымыз өткен мекеніміз бар. Осы жермен адамды көп нәрсе байланыстырады. Адам туған жерінің жылуын ешқашан ұмытпайды. Біреу үлкен қалада, енді бірі ауылда дүниеге келеді. Бірі туған қаласының даңғыл жолдарын, енді бірі кең-байтақ даладағы құлпырған гүлдерді, бірі заңғар тауларды, ал бірі жайлаудағы жылқыларды мәңгі есте сақта йды.

1. Сен ата-анаңның қай жерде дүниеге келгенін білесің бе? Олардан балалық шақтары өткен жер туралы сұра.
2. Өзің туып-өскен, қазір тұрып жатқан жердің табиғатын суреттеп бер.

  Қазақстанның табиғаты өте бай. Елімізде Ақсу-Жабағылы, Алматы , Марқакөл және т.б. қорықтар , табиғаты кез келген адамды тамсандыратын Бурабай, Алакөл, Шарын шатқалы және т.б. өңірлер көптеп саналады.
  Осындай көзтартарлық табиғат көріністері суретшілерді шабыттандырады. Сен де туған өлкеңнің табиғатын бейнелеп көр. Ол үшін сен көп нәрсені үйренуің керек. Шабытыңды шыңдай түс!

×
×

Cart